Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



№ 42-ө ӨКІМ

2013 жылғы 1 тамыз

 

Екібастұз қаласы әкімінің мадақтаулары туралы

 

  1. Қала әкімінің 2010 жылғы 20 шілдедегі “Екібастұз қаласы әкімінің мадақтаулары туралы” № 30 шешіміне сәйкес, Екібастұз өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі, көп жылғы адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін және кәсіби мереке – Көлік қызметкерлері күніне байланысты:

     

Екібастұз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен наградталсын

1.

Нұрлан Асқарұлы Әбілбаев

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының – «Екібастұз пайдалану вагон депосы» филиалы Екібастұз-2 стансасының вагондарды тасымалдауға дайындау бойынша техникалық қызмет көрсету пунктінің вагондарды байқаушысы   

2.

Серікбай Жүкенұлы Балғабаев

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының – «Екібастұз дабыл және байланыс депосы» филиалы Целина темір жолы Екібастұз дабыл және байланыс дистанциясының электр жөндеушісі 

3.

Наталья Владимировна Остроухова

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының – «Павлодар жол бөлімшесі» филиалы Екібастұз – Северный стансасының поезд ақпараттарын және тасымалдау құжаттарын өңдеу бойынша стационарлық – технологиялық орталығының бастығы      

4.

Владимир Дмитриевич Разумов

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының – «Екібастұз электрмен жабдықтау дистанциясы» филиалының аға электр механигі

5.

Марат Сәулебекұлы Сәдуақасов

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының – «Екібастұз ірілендірілген жол дистанциясы» филиалының учаске бастығы

6.

Нұржан Қайыркешұлы Тойшанов

«Богатырь Транс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Екібастұз вагон депосы филиалы вагон депосының шебері 

7

Серік Сағындықұлы  Жүсіпов

«Локомотив» акционерлік қоғамы «Павлодар пайдалану локомотив депосы» филиалының Екібастұз стансасы бойынша тепловоз машинисі

    2. Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы М.Д. Адасбаеваға қала әкімінің мадақтауларын салтанатты түрде тапсыруды қамтамасыз етсін. 

     

А. Вербняк