Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз аймағында ауыз судың қауіпсіздігі туралы

Өкінішке орай жеке аймақтарда ауыз судың сапасы әлі күнге дейін  халықтың көңілінен шықпауда.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен бекітілген «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалар бар.

Қағидалар қызметі ауызсумен қамтудың орталықтандырылған жүйесін жобалауымен, құрылысымен, пайдалануымен байланысты жеке және заңды тұлғалар (мееншік нысанына қарамастан) үшін арналады және орталықтандырылған сумен қамту жүйесімен берілетін және халықтың ауызсу және тұрмыстық мақсатында халықтың тұтынуына арналғанөндірістік шикізатты өндіру және азық-түліктерді өндіру  барысында пайдалану үшін ауызсуға қатысты қолданылады.

Қағидаларда ауызсумен қамту сумен қамтудың қайнар көздері мен құрылыстарын таңдау, сумен қамту жүйелерінің жоблануын, құрылысын, пайдалануын, ауызсуды тұтыну орындарында алуын,  сақтауын , іске асыруын  енгізген тұтынушыларды ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған қызмет деп түсіндіріледі.

Ауыз судың химиялық құрамының аймақтық ерекшеліктерімен сипатталатын көрсеткіштер тарату желісіне түсер алдында, сондай-ақ су құбыры желісінің сыртқы және ішкі су тарату нүктелерінде гигиеналық нормативтерге сәйкес келу керек.

 Ауыз судың эпидемияға қатысты қауіпсіздігі оның микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштері бойынша нормативтерге сәйкес келуі осы Санитариялық қағидаларға  сәйкес айқындалады.

Ауыз су эпидемиялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттерге ие болуы тиіс.

Қағидаларға сәйкес су құбырын пайдалануды жүзеге асыратын ұйым  су сапасын өндірістік бақылаудың жұмыс бағдарламасын (бұдан әрі – жұмыс бағдарламасы) әзірлеу қажет және ол тиісті аумақта мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен келісілу керек. Осы жұмыс бағдарламасы негізінде халыққа ауыз суды жеткізетін кәсіпорындармен ауыз су сапасына бақылау жүргізіледі.

Сонымен қатар «Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» Екібастұз аймағының аумағында ауыз су сапасына сумен қамтудың орталықтандырылған жүйесінде ғана емес, орталықсыздандырылған жүйесінде (кешенді блок модульдерінде) де тұрақты мониторингті жүргізеді.

Сапасыз ауыз су анықталған жағдайда қалалық әкімдікке және қызмет көрсететін кәсіпорындарға бұзушылықтарды жою шешімі үшін  ақпараттық хаттар жолданылады.

Бүгінгі таңда Екібастұз аймағындағы ауыз су сапасы санитарлық қағидалардың талаптарына сай келеді.

 

Бас маман                                Л. Бегельдинова