Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ұнды фортификациялау – теміртапшылықты анемияның алдын алудаағы маңызды шара

Кез келген ағза үшін тыныс алу процесі маңызды болып табылады. Оттегі тасымалдайтын қандағы жалғыз зат гемоглобин болып табылады. Гемоглобин толық туу үшін ағзаға тағаммен бірге түсіп жатқан темір қажет. Темір жетіспеген жағдайда гемоглобин деңгейін төмендейді, дене жасушаларына оттегі аз түседі - ал бұл дегеніміз теміртапшылықты анемиясын (ТТА) туындатады.

Темір тапшылығы себебінен балалар және аналар өлім-жітімінің (анемиясы бар әйелдер көбінесе әлсіз, салмағы төмен және туа біткен ақаулары бар балалар дүниеге әкеледі) жоғары деңгейі ғана емес, балалардың физикалық және ментальды даму деңгейі, олардың инфекциялық ауруларға және сыртқы  ортаның зиянды факторларына қарсы тұруының төмендігі де байланысты.

ТТА алдын алудағы аса қарапайым, арзан және қолжетімді әдіс болып темір және дәрумендер  кешені қосындыларымен негізгі тағам азық-түліктерін фортификациялау (байыту)  саналады.

Анемияның алдын алу негізгі үш тәсілібар: фармокологиялық, тиімді тамақтану, сондай-ақ фортификациялау (байыту) азық негізі қоспаларымен

Бидай ұны Фортификациялау үшін кездейсоқ таңдап алынған жоқ. Ұн ең қарапайым, арзан және қол жетімді витаминдер және темір көзі болып табылады.  Байыту процесі ұнның дәмін, түсін, иісін өзгертпейді, пісіру сапасы әдепті болып қалуда. Фортификацияланған ұнды тұтыну қауіпсіз болып табылады. Бидай бастыру кезінде ұнды фортификациялау бағалап жоғалту кезінде орнын толтырады, сондықтан мұндай ұн тұтыну үшін кедергі жоқ.

Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы фортификацияланған ұнның шығарылуын және іске асырылуын қадағалау бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізуде.

Екібастұз аймағында ұнды өндіру бойынша бір объект – «Еркен» ш/қ, «Лейла» диірмен кешені бар. Нан-бөлке бұйымдарын өндіргенде диірмен кешенінің ұнын қаланың барлық наубайханалары қолданады. Диірмен кешенінде бидай ұнын фортификациялау Түркияда өндірілген «Эксперт Голд КАП» дәруменді-минералды кешенімен жүргізіледі. 2017 жылы объектіде 1200 тонна бидай ұны өндірілді, оның ішінде барлығы 54 тонна байытылды. Байытылған ұн келісімшарт бойынша «Шахтер» наубайханасына жеткізіледі. Қаланың сауда желілерінде өзге өндірушілердің, оның ішінде «Цесна», «Султан» байытылған ұны іске асырылуда.

Басқарманың бақылауында 9 наубайхана бар, оның ішінде түрлі себептер бойынша 5 наубайхана жұмыс істемейді. 4 наубайхана қызмет етеді: «Дружба», «Мереке», «Жайна», «Энергия капитал». 2017 жылы ерекше тәртіп бойынша 5 наубайхана (оның ішінде «Шахтер» наубайханасы қазіргі күні жабық) тексерілді, анықталған бұзушылықтар бойынша 5 ұйғарым берілді, әкімшілік құқықбұзушылық туралы 5 хаттама жазылды. 2018 жылғы 1 жартыжылдықта наубайханалар мен диірмен кешендерінің тексерісі жүргізілмеді.

Өзіңізде және жақын адамдарыңызда темір тапшылықты анемияның алдын алу үшін темір және фолий қышқылымен байытылған ұнға және нанға ықылас бөліңіз.

 

Бөлім басшысы                               Г.А. Дуйсенова