Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында 5 ай ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жүргізілген жұмыс туралы

ҚР ДСМ ҚДСК Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің 2018 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспарына (2018 жылғы 17 қаңтардағы №19-28-3-05-35-Ө бұйрығы) сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдамасын жүргізу бойынша жұмыс тобы бекітілді.

Өткен кезеңде басқарманың басшылары мен мамандары арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деректер белгіленбеді.

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын алдын алу мақсатында, Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында белгілі бір жұмыстар жүргізіліп тұрады. Басқармаға кіру тәртібі ұйымдастырылған, құжаттарды қабылдау «бір терезе» қағидаты бойынша кеңсе арқылы жүзеге асырылады. Азаматтардың өтінішітерімен жұмыс «Жеке және заңды тұлғалардың өтінішітерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүргізіледі. Өткен кезеңде 101 өтініш түсті, барлық өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде қаралды.

Келушілермен кеңесуге арналған кабинет жабдықталған, күнделікті сағат 9.00-ден 18.30 аралығында қызмет етеді. Ғимаратқа кіргенде шағымдарды қабылдауға арналған жәшік орнатылған.

Басқарма мамандарына құқықтық оқу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша білім деңгейлерін арттыру семинарларыүнемі жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 5 айы ішінде санитарлық қызмет мамандары арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу және болдырмау жөнінде 4, жеке және заңды тұлғалар үшін 25 семинар өтті.

Басқарма басшысы апта сайын әр сейсенбі күндері сағ. 16:00-ден 18.00-ге дейін, Басқарма басшысының орынбасары апта сайын әр сәрсенбі күні сағ. 16:00-ден 18.00-ге дейін Екібастұз қаласы, Ә.Молдағұлова, 81 мекенжайы бойынша орналасқан басқарманың әкімшілік ғимаратында «азаматтардың жеке қабылдауын» жүзеге асырады.

Сонымен қатарсыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық деректерін болдырмау мақсатында, басқармада халық үшін 8 (7187) 77-50-24 «Саll-орталығы», сондай-ақ 8 (7187) 77-49-74 сенім телефоны жұмыс жасайды.

 

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

бас маманы                                                                 Г. Шайкенова