Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда «Жасыл елдің» тұңғыш медициналық тобы жұмыс істейді

Екібастұз қаласында Қазақстан бойынша «Жасыл елдің» жалғыз медициналық тобы жұмыс істейді.

- Республикамыздағы жалғыз медициналық топты Екібастұз медициналық колледжінің студенттері құрайды, - дейді Павлодар облысы «Жасыл ел» штабының комиссары Заур Совет. – Жастарға жазғы уақытта пайда табумен қатар тәжірибе жинаудың мүмкіндігі туып отыр. Олар кеншілер қаласындағы үш емханада медбикелерге көмек көрсетіп, еңбек етеді.

Өңірлік штаб комиссары 2018 жылы Екібастұздағы жасыл елдіктердің саны 300-ді құрап, рекордтық көрсеткішке жеткенін атап өтті.

- Сарбаздар тоғыз топқа бөлінеді,- деді Заур Совет. – Олар – студенттер мен жұмыссыз жастар. «Жасыл ел» жұмысын медициналық, құрылыс, педагогикалық, археологиялық, насихаттаушы, экологиялық, жыл бойы, еріктілер және сервистік топтар атқарады. 51 адамнан тұратын «Жыл бойы» тобы үздіксіз еңбек етеді. Бұл топты «Ардабил – ЛТД» ЖШС жұмысқа қабылдап, жалақыларын төлейді. Екібастұзда облыстағы экология жылына орай ағаштар мен гүлдер отырғызу, экологиялық акциялар, флешмобтар және өзге де шаралар қарастырылған. Сарбаздар Астана күнінеорай «20 аула - 20 үй» акциясыаясындааулаішілікаумақтардыабаттандырды.

Айта кетейік, 2016-2018 жылдар аралығында 1000-ға жуық жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың студенттері мен жұмыссыз жүрген жастар жұмысқа орналастырылды.

Рavlodarnews.kz