Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Анвар Құдайбергенұлы Қантаев Екібастұз қаласы әкімінің экономика, кәсіпкерлік және сауда мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 10 шілдедегі өкімімен Анвар Құдайбергенұлы Қантаев Екібастұз қаласы әкімінің экономика, кәсіпкерлік және сауда мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

1981 жылы 3 қаңтарда Павлодар облысының Ақсу қаласында дүниеге келген.  

Екі жоғары білімі бар, 2004 жылы "Қайнар" университетін заңтану мамандығы бойынша, 2018 жылы Инновациялық Еуразиялық университетті Экономика және бизнес бакалавры мамандығы   бойынша бітірген. 

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі – 11 жыл.  

Павлодар қаласы бойынша салық комитеті заң  бөлімінің бас маманы, Павлодар облысы бойынша салық комитеті ұйымдастырушылық және қаржы-шаруашылық қамтамасыз ету басқармасы жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, Ақсу қаласы әкімінің кеңесшісі, «Павлодар қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, «Горкомхоз» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып еңбек етті. 

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Екібастұз қаласы әкімі аппараты басшысының лауазымын атқарды.