Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Елбасы Астананың өркендеуіне үлес қосқаны үшін павлодарлықтарға алғысын білдірді

Нұрсұлтан Назарбаев павлодарлықтарды Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, бас қаланың өркендеуіне зор үлес қосқан Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығын білдірді.

«Сізді және бүкіл Павлодар облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш. Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.

«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Павлодар облысы да елордаға ерекше сый жасады. Ұзақ қашықтықты қамтитын және толық жабдықталған велосипед жолағы адамдарға арналған қаладағы заманауи ортаның маңызды құрамдас бөлігі саналады. Бұл велосипед жолағы саламатты өмір салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдісін дамытуға септігін тигізетін болады.

Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Н. Назарбаев».

 

Рavlodarnews.kz