Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұзда еркін күрестен ел чемпионаты басталды

2018 жылдың 10, 11, 12 шілде күндері Екібастұз қаласындағы «Жасыбай» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлан Байбакировтың хабарлауынша, байрақты бәсекеге еліміздің 17 өңірінен барлығы 300-ден астам балуан келген.

- Бұл дода – Азия чемпионатына іріктеу болмақ, - дейді Нұрлан Байбакиров. – Азия чемпионаты тамыз айында Иранда жоспарланған. Боз кілемде 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер күш сынасуда. Жеңімпаздар жарыстың үшінші күні белгілі болады. Жерлестеріміздің дайындығы жоғары. Барлығы жүлдеден үмітті. Павлодар облысының намысын 20-дан астам балуан қорғайды. Оның ішінде Екібастұз өңірінен – 8 спортшы.

Айта кетейік, Екібастұз қаласындағы ел біріншілігі 11 салмақ дәрежесі бойынша өтуде.