Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Астана құрдастарымен кездесу

Елорданың 20 жылдығын мерекелеу шеңберінде Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкенов Астана құрдастарымен кездесу өткізді.

Аталмыш шараға 1998 жылдың шілде айында дүниеге келген 20 жас адам қатысты. Олардың қатарында белсенділер, әншілер, жас мамандар және спортшылар бар. Еркін сұхбат барысында жастар өз ойларын ортаға салып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

- Сіздер Тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпағы ретінде Астанамызбен қатар өсіп келесіздер. Мемлекетіміздің болашағы Сіздерсіздер. Баршаңызды мерекемен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Екібастұз жастары біздің Қазақстанды дамыған елдер қатарына кіруіне өз үлестерін қосатынына сенімдімін, - деді Қайрат Нүкенов.

Мерекелік кездесу соңында жастар шаһар басшысымен естелік суретке түсті.