Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жерлестердің марапаты мен жаңа үйлердің таныстырылымы

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында Екібастұз қаласының 9 шағын ауданында үш жаңа бес қабатты үйдің таныстырылымы өтті. Баспаналар Ак. Марденов көшесі 66, 68, 70 мекенжайларында  бой көтерді.

- Бүгін біз жас мамандар мен жас отбасыларды бұл кездесуге арнайы шақырып отырмыз.  Сапалы баспананы өз көздеріңізбен көріп, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мамандарынан керекті кеңесті аласыздар. Аталмыш үйлердің әрқайсыларыңыздың шаңырақтарыңызға айналатынына сенімдімін.  Елордамыздың туған күні құтты болсын. Әр отбасыға бақыт пен береке тілеймін!

  Айта кетейік, биылғы жылы Екібастұзда 60,0 мың шаршы метр пайдалануға берілмек. Бұл – кеншілер шаһарында орыналып жатқан ең жоғарғы көрсеткіш. 21 шағын ауданда төрт жаңа бес  қабатты үйдің құрылысы бастау алды. 9, 21, 22-інші шағын аудандарда салынатын 19 тоғыз қабатты баспананың жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

  Шара барысында Екібастұз қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан жеке үлесі,  адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы үшін, сонымен қатар Астана күнінің 20 жылдығын мерекелеуге орай қала әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен бірқатар қонақтар марапатталды.