Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сейсова Жазила Баймуратовна: Өтініш

Мен Целинная 70 -25 пәтерде тұрамын. Сол үйде ыстық су дұрыс болмайды. Кеше яғни 27 маусымда жаңбыр жауған кезде балалар ойнайтын алаң су толып кетті. Балалар ойнауға шыққанда кір болып келеді, жуындырайын десең ыстық су болмайды. және кешегі жаңбырда үйдің артындағы сулар подвалға құйылып жатыр. Ертең үйіміз құласа жауапты кімнен іздейміз. 2014 жылдан бстап осы пәтерде тұрып келемін. Железин ауданынан Жаңабер ауылынан көшіп келгенмін. Осы көшіп келген аралықтан бері ыстық су болама деп үміттеніп келдім. Кеше енді жаңбыр жауғанда үйдің кішінен су өттіп кетті. Старшый подъезді басқаратын кісіге барғанда ол кісі зам акимға, коммунальдық ұйымға барғанда средства жоқ депті. Ол сонда қалай болғаны. Осы сұрағыма жауап бере аласыз ба? Өтінемін.

Құрметті Жазила Баймуратовна! Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, ыстық сумен жабдықтау параметрлерінің сәйкессіздігі мәселесінде Сізден келіп түскен өтінішке, келесіні хабарлаймын.

Өтініш 2018 жылғы 4 шілдеде «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ, «»Павлодарэнергосбыт» ЖШС өкілдері тарапынан орынға барып қаралды.

Тексеру нәтижесінде 313-ОЖП-дағы ыстық сумен жабдықтау параметрлері Т1/Т2=65/52 градусты, Т3=60 градусты құрайтыны анықталды, № 25 пәтердегі ыстық сумен жабдықтау температурасы 26 градусты құрады, бұл талапқа сай келмейді.

Аталмыш тұрғын үй су қозғалысы бойынша соңғысы болып табылады, 313-ОЖП-дағы ыстық сумен жабдықтаудың кері құбырының жоқтығы, ыстық сумен жабдықтау температурасының сәйкессіздігіне негізгі себеп болып отыр.

«ПТС» ЖШС «ЕЖЖ» ӨК, «Горводоканал» МКК-ге жоғарыда көрсетілген үйдің тұтынушыларын ыстық сумен жабдықтаудың тиісті параметрлерімен қамтамасыз ету шараларын қабылдау жөнінде хат жолданды.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.