Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Абилов Руслан Абилович: Əкім мырзага

Əкім мырза. Мен Абилов Руслан жəне келіншегім Оразбаева Əсел екеуміз Екібастұз каласына сəуірдін 15 куні программа бойынша (онтүстіктен солтүстікке коныс аудару)көшіп келдік. Келгеннен кейін бираз қиындыктар туындады. Мемлекеттен берилетин подемный акшаны зорга дегенде 2айдан сон алдык. Бари ойдагыдай болмады. Үй маселін шешіп беруге көмектесе аласызба? бізге берілетін жардем ақы 1жыл. Одан кейн уй жалға алып тұру қиын болад. Өйткені келіншегім жүкті. Ол кыркүйек айдады босанады. Көмектесетін ешкіміміз болмағансоң өтініш білдіргенім -бұл.

Құрметті Руслан Абилович! Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, Сіздің тұрғын үй мәселесін шешуге ықпалдасу мәселесі жөніндегі өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Сіздің отбасыңыз, яғни жұбайыңыз Ә.Ә. Оразбаева отбасы құрамында 2 адаммен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бағыты бойынша еліміздің еңбек күші мол Қызылорда облысы Жалағаш ауданынан қоныс аударушы ретінде қоныстанушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілді.

Бағдарлама аясында ағымдағы жылғы маусым айында Сіздің шотыңызға қоныс аудару үшін 168 350 теңге көлемінде субсидия әрі Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілген уақыттан бастап отбасына тұрғын үйді жалға алу (жалдау) шығындарын өтеуге және коммуналдық қызметтер ақысын төлеуге 12 айға 60 000 теңге көлемінде субсидия төленді.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №515 бұйрығымен бекітілген, жұмыс күшін ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аудару Қағидасының 29-тармағына сәйкес, «жатақханаларда жастарға арналған бөлмелер жиырма тоғыз жасқа дейінгі некеде тұрған жастарға берілетінін» қосымша хабарлаймыз.

Осыған орай, Бағдарламаға қатысушының (Ә.Ә. Оразбаева) 30 жасқа толуына, сондай-ақ бос пәтердің болмауына байланысты Сіздің отбасыңызды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ.

Жеке меншікке тұрғын үй сатып алған жағдайда, алдын ала сату-сатып алу шартының болуы жағдайында, Бағдарламаға қатысушыға тұрғын үйді жалға алу (жалдау) және коммуналдық қызметтер ақысын төлеу шығындарын өтеуге отбасына бір жылға қалған соманы бір жолғы төлеу жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, Сізге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ипотекалық несиелеу арқылы тұрғын үй сатып алу мәселесін қарастыруға кеңес береміз.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.