Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Иман Азамат: Благодарность

АЛҒЫС Жуырда отбасымызға қиын сынақ келді. Аяулы перзентіміз , асыл жар, ардақты әке – Азамат Серікұлы Иман аяқ-астынан қатты науқастанып қалды. Екібастұз қалалық ауруханасының Сергазин Қайрат Сейітжанұлы басшылық ететін «Жан сақтау және белсеңді емдеу» бөлімінің ұжымы күні-түні оның өмірі үшін күресті. Азаматымыз кәсіби білікті мамандардың арқасында ажал аузынан аман қалып, ортамызға оралды. Осы орайда қалалық аурухана ұжымына зор алғысымызды айтамыз. Атап айтқанда: - Бас дәрігердің орынбасары Ағжан Мағзұмқызы Байкеноваға; - Жан сақтау және белсеңді емдеу бөлімі нің меңгерушісі Қайрат Сейітжанұлы Сергазинге; - Жалпытерапия бөлімшесінің меңгерушісі Гүлден Тетайқызы Серікбаеваға; - Жалпытерапия бөлімшесінің емдеуші дәрігері Ирина Николаевна Павловаға; - Жан сақтау және белсеңді емдеу бөлімінің кезекші дәрігерлері, медбикелер мен санитарларға шексіз ризашылығымызды білдіреміз! Сіздерге зор деңсаулық, отбастарынызға береке-бірлік тілейміз, еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер! Құрметпен, пациент Иман Азаматтың ата-анасы, жұбайы.

Сіздің өтінішіңіз назарға алынды!