Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2018 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Екібастұз қаласы әкімінің тұрғындармен өткізген есептік кездесулері барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды 2018 жылдың бірінші тоқсанында іске асыру барысы туралы

4-қосымша

2018 жылғы маусымдағы жағдай бойынша

Екібастұз қаласы әкімінің тұрғындармен өткізген есептік кездесулері барысында айтылған ескертулер мен ұсыныстарды 2018 жылдың бірінші тоқсанында іске асыру барысы туралы

№ р/р

Ескертулер мен ұсыныстардың қысқаша мазмұны, ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша белгіленген шаралар

Орындаушылар,

орындау мерзімі

Орындау барысы

Ескертпе

(бақылау мерзімі ұзартылды, бақылаудан алынды немесе бақылауда тұр)

1.

Төртүй ауылында су өткізгіштер салу

2018 жылдың соңына дейін

А.М.Кәрімов,

«Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

К.Б.Асылов,

Екібастұз ауылдық округінің әкімі

2018 жылдың 30 наурызында мердігер ұйым - «MyTime» ЖШС-мен 181,6 млн.теңгеге шарт жасалды. Жоба бойынша су өткізгіш желілердің ұзындығы 9,5 км.

Ұзындығы 1,5 км. су құбырын төсеу жұмыстары орындалды, резервуар үшін шұңқыр әзірленді.

Бақылауда

2.

Шідерті кентінде аялдама павильонын орнату

2018 жылдың 1-жартыжылдығының соңына дейін

А.С.Калиякбаров,

Шідерті кенті әкімі

Шідерті кентінде аялдама павильоны орнатылды

Бақылаудан алынды

3.

Солнечный кентінің жолдарын ағымды жөндеу туралы

2018 жылдың 1 қазанына дейін

М.К.Алшимбаева,

Солнечный кентінің әкімі

Мемлекеттік сатып алулар өткізілді, жеңімпаз Алматы қаласының «Табысты Тамыз» ЖШС, 3999,9 мың теңге сомасына 05.03.2018 жылғы №23 шарт жасалды. Жұмыстың басталуы- ағымдағы жылдың 1 шілдесі. Орындау мерзімі 2018 жылдың 20 шілдесіне дейін.

Бақылауда

4.

Солнечный кентінде балалар ойын алаңқайын орнату

2018 жылғы тамыздың соңына дейін

М.К.Алшимбаева,

Солнечный кентінің әкімі

Солнечный кентінде балалар ойын алаңқайы орнатылды

Бақылаудан алынды

5.

Солнечный кенті, Конституция 3 көшесіндегі үйді қалпына келтіру туралы

2018 жылдың соңына дейін

А.М.Кәрімов,

«Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

М.К.Алшимбаева,

Солнечный кентінің әкімі

2018 жылдың 4 маусымында «КазЕвроСтрой» ЖШС мердігерлер ұйымымен 125,8 млн. Теңге сомасына шарт жасалды.

МСҚБ-дан рұқсат алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бақылауда

6.

Перзентхана жанына автодоғару ұйымдастыру мәселесін қарау туралы

2018 жылдың қазанына дейін

М.С.Закарьянов,

«Әкімдіктің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі»ММ

«Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі» ММ мамандары Екібастұз қаласының перзентхана аумағынан шығарда орналасатын автокөлік құралдары үшін автодоғару тұрағын ұйымдастыратын жер белгіледі. Тиісті қаржыландыру болған жағдайда автодоғару тұрағын ұйымдастыру жұмыстары ағымды жылы орындалатын болады.

Бақылауда

6.

Строительный көшесі бойынша автожолдарды қалпына келтіру

2018 жылдың қазаны

М.С.Закарьянов,

«Әкімдіктің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі»ММ

Ағымды жылдың мамыр айында мердігер ұйым - «Мираторг-ПВ» ЖШС Строительная к. (Пішембаев к. Абай к. дейінгі учаске) автожолды қайта жаңарту жобасын орындауға кірісті. Жұмыстарды орындау мерзімі 31.10.2018 жыл.

Бақылауда

7.

31-шағын ауданда Бұхар Жырау көшесі бойынша Мәшһүр Жүсіп көшесінен бастап Қонаев көшесіне дейін жарықтандыру орнату туралы

2018 жылғы қыркүйектің соңына дейін

М.С.Закарьянов,

«Әкімдіктің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі»ММ

2018 жылдың 13 наурызында мердігер ұйым - «Адастра» ЖШС-мен Екібастұз қаласының Б.Жырау көшесі көзделген көшесін жарықтандыру желісінің құрылысына шарт жасалды.

2018 жылдың 16 наурызында құрылыс –монтаждау жұмыстарына рұқсат алынды. Бүгінгі күні Тоқай және Юбилейная көшелерінде 13 темірбетонды тірек орнату жұмыстары орындалды.

ПИР қоспағанда жалпы құны -75,2 млн.теңге. 29.05.2018 жылғы жағдайда -22,5 млн.теңге игерілді.

Шарт бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі – 16.08.2018 жыл.

Бақылауда

8.

Сәтбаев және Шешембеков көшелерінің қиылысында өтпе жолдың басымдылығы белгісін орнату туралы

2018 жылғы сәуір

М.С.Закарьянов,

«Әкімдіктің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі»ММ

Сәтбаев және Шешембеков көшелерінің қиылысында өтпе жолдың басымдылығы белгісі орнатылды.

Бақылаудан алынды