Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2018 жылғы маусымдағы жағдай бойынша Екібастұз қаласы әкімінің тұрғындармен өткізген есептік кездесулері айтылған ескертулер мен ұсыныстарды 2018 жылдың бірінші тоқсанында іске асыру барысы туралы

4-қосымша

2018 жылғы маусымдағы жағдай бойынша

Екібастұз қаласы әкімінің тұрғындармен өткізген есептік кездесулері айтылған ескертулер мен ұсыныстарды 2018 жылдың бірінші тоқсанында іске асыру барысы туралы

№ р/р

Ескертулер мен ұсыныстардың қысқаша мазмұны, ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша белгіленген шаралар

Орындаушылар,

орындау мерзімі

Орындау барысы

Ескертпе

(бақылау мерзімі ұзартылды, бақылаудан алынды немесе бақылауда тұр)

1.

Теміртас ауылындағы балалардың ойын алаңын қоршауға алу

2018 жылғы тамыз

Ахметзянова М.А.,

Қоянды ауылдық округінің әкімі

Қоянды ауылдық округінің Теміртас ауылында балалар ойын алаңқайына қоршау орнатылды.

Бақылаудан

алынды

2.

Төртүй – Мыңтомар жолының бойында су өткізу құбырын орнату (9 км)

2018 жылғы қазан айының аяғына дейін

Асылов К.Б.,

Екібастұз ауылдық округі әкімі

2018 жылдың 25 мамырында №24-25/1-24-336 бюджеттік комиссияға Төртүй -Мыңтомар – (9 км) жолындағы су өткізгіш құбырларына қаражат бөлу туралы хат жіберілді.

Бақылауда

3.

Атығай ауылында 2 аялдама орнату

2018 жылғы қазан Амантай Д.,

Бәйет ауылдық округі әкімі

Атығай ауылында екі автобус аялдамасын орнату бойынша бағалау әдісімен конкурс жарияланды.

Бақылауда

4.

Қарасор ауылындағы балалардың ойын алаңын қоршауға алу

2018 жылдың

І-жартыжылдығы

Касеналин Е.Е.,

Теміржол ауылдық округі әкімі

Балалар ойын алаңқайына қоршауға орнатылды.

Бақылаудан

алынды

5.

Бозшакөл ауылында ағаштарды отырғызумен ауланы көріктендіру туралы

2018 жылдың

ІІІ- тоқсаны

Тасимов Б.Ж.,

Төртқұдық ауылдық округі әкімі

Төрт-Құдық ауылдық округі бойынша 2018 жылдың III тоқсанында жергілікті қоғамдастықтың шешіміне сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару бақылау шотының ақшалай қаражатына ағаштарды отырғызуымен бау-бақша құру жоспарланды.

Бақылауда