Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Калиева Индира Сарсембаевна: Қала әкіміне Алғыс білдіреміз!

2018 жылдың 16-маусым күні Глинка атындағы музыкалық мектебінде түлектер кеші өтті. Комсомол жалпы орта білім беретін мектебінен 7 түлек қатысты. Түлектердің бірі Абдықали Диана 40 жылда алғаш рет мектепті «Алтын белгімен»бітіріп, мектебіміздің беделін биікке көтерді. Түлектер кешінде Екібастұз қаласының білім бөлімінің басшысы Ж.К.Ибраев пен орынбасары Ж.А.Хамзабаеваның қатысуымен салтанатты кеш ашылды. Алғашқы құттықтау сөзі білім бөлімінің басшысының орынбасары Ж.А.Хамзабаеваға берліді. Жазира Амангельдиновна өз сөзінде түлектерге ҰБТ-ден сүрінбей өтіп, жоғарғы нәтижеге қол жеткізулеріне үміті зор екенін айтып, ақ жол тіледі. Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В.Нефедова түлектерге аттестаттарын құрметпен салтанатты түрде табыстады. Екібастұз қаласы әкімі Қ.Т.Нукенов түлектердің өмір жолы осы ғимараттай мәдениетті, рухтары биік болсын деген мақсатпен кешті Глинка атындағы музыкалық мектебінде өткізілуін тапсырған еді. Түлектер кешінің жоғары деңгейде өтуіне ризашылығымызды ең алдымен қала әкіміне білдіреміз. Жұмысыңыз жемісті болып, тек биіктен көріне беріңіз! Комсомол ЖОББМ директорының орынбасары Калиева И.С.

Құрметті Индира Сарсембаевна! Сіздің өтінішіңіз назарға алынды!