Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Солнечный кентіндегі «Тең мен тең – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі»

2018 жылғы 13 маусым сағат 10.00-ден бастап 13.00-ге дейін Солнечный кенті әкімі аппаратының ғимаратында «Тең мен тең – мемлекеттік көрсетілетін  қызметтердің жәрмеңкесі» өткізілді.

Жәрмеңкеге жер қатынастары, сәулет, ауыл шаруашылығы, білім, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» және БЗЖҚ АҚөкілдері шақырылды.

Жәрмеңке нәтижесі бойынша тұрғындарға 24 электрондық-сандық қолтаңба (ЭСҚ), 11 (жылжымайтын мүліктің болуы/болмауы, тіркелген құқықтар туралы, сотталмағандығы туралы, зейнетақы жарналары туралы) анықтама берілді. Мемлекеттік қызметтерді алу мәселесі жөнінде 53 консультация берілді, 22 көрсетілетін қызметтерді алушы «Электронды үкімет» www.egov.kz. Веб порталын пайдалану машықтарына үйрету жөніндегі оқудан өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алуды насихаттау мен тұрғындарды «Электронды үкімет» порталын пайдалануға үйрету. Сондай-ақ, бекітілген кестеге сәйкес  барлық ауылдық округтерде  жәрмеңке өткізу жоспарлануда.