Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Нурберген Маулитбаевич Сейлханов «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды

Нурберген Маулитбаевич Сейлханов - Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 5 наурыздағы № 26 өкімімен Нурберген Маулитбаевич Сейлханов «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

1986 жылғы 19 қыркүйекте Павлодар облысы Краснокутск ауданы Коминтерн  кеңшарында  дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2007 жылы  Инновациялық Еуразия университетін «Заңтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Сот орындаушы болып істеді, кәсіпкерлік бөлімі, әділет басқармасы, салық басқармасы  бас мамандарының, Екібастұз қаласы статистика басқармасының бастығы, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің  кәсіпкерлік бөлімінің басшысы,  Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша қаласының әкімі лауазымдарын атқарды.

«Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалғанға дейін Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.