Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ризабек Әшірбекұлы Әшірбеков Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 14 маусымдағы өкімімен Ризабек Әшірбекұлы Әшірбеков  Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Ризабек Әшірбекұлы 1976 жылы Павлодар облысы, Екібастұз ауданының Майқайың стансасында туған. Білімі - жоғары, Қазақ мемлекеттік заңгерлік университетін «Құқықтанушы заңгер» мамандығымен бітірген. 

Жалпы еңбек өтілі - 22 жыл, мемлекеттік қызметтегі өтілі  – 8 жыл.

Еңбек жолын Ақсу қаласында прокурордың көмекшісі болып бастаған.  

Әр жылдары түрлі лауазымды атқарған: Павлодар көлік  прокурорының аға көмекшісі, Астана қаласы Алматы ауданы  прокурорының көмекшісі, «Казстройсистема» АҚ қауіпсіздік қызметі бөлімінің бастығы, «Еуроазиаттық қауіпсіздік агенттігі» ЖШС-ның директоры, Павлодар қаласы әкімі аппараты ТЖ, АҚ және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы.