Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Менингиттен қалай сақтануға болады?

Менингококктық инфекция – бактериялардан туындайтын, түрлі клиникалық белгілерімен көрінетін жіті инфекциялық ауру. Менингококктық инфекция аурушаңдылығы маусымдылығымен сипатталады, ауру көрінісі қысқы кезде және көктемнің басында жоғары. Қазақстанда аурушаңдылық өсімінің 5-6 жылғы маусымдылық байқалады.

Менингококкты инфекция аурушаңдылығы осылайша тіркелді: 2013 ж.  117 жағдай, 2014 ж. – 119 жағдай, 2015 ж. – 424 жағдай, 2016 ж. – 120 жағдай, 2017 ж. – 162 жағдай.

Ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстанда менингококк инфекциясын 59 адам жұқтырған, оның ішінде 14 жасқа толмаған балалар арасында – 21 жағдай тіркелді. Инфекцияны жұқтырған 13 адам  ауру салдарынан көз жұмған: Алматыда – 6 адам, Алматы облысында – 4 адам, Оңтүстік Қазақстан облысында – 2 адам және Қызылорда облысында 1 адам. Бұл жағда ҚР Денсаулық сақтау министрінің бақылауында тұр.

Екібастұз қаласында менингококкты инфекция 2013 жылы – 2 адамда, 2014 ж. – 3 адамда, 2015 ж. - 2 адамда тіркелді. Ауырған адамдардың барлығы емделіп шықты. 2016-2017 ж.ж. сырқаттанғандар болмады.

Қазіргі уақытта менингитпен сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі байқалады. Сондықтан ата-аналардан балаларыңыздың денсаулық жағдайына барынша мұқият болуын сұраймыз.

Менингококк инфекциясы- бактериялар тудыратын жіті инфекциялық ауру, ол әртүрлі клиниалық белгілермен- симптомсыз тасымалдаушылдық, назофарингиттен (мұрын мен жұтқыншақ қабығының қабынуы) бастап менингококк  сепсисіне (қанның жұқтыруы) дейін болады.

         Менингит кенеттен басталады: күтпеген жерден қатты бас ауыру, құсу, 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады, температура 39-400С-қа  жетеді, адам қалтырайды.Тері бозарады, жалпы әлсіздік, арқаның және аяқ-қолдың сырқырауы байқалады.Науқас адам шөлдейді, тәбеті нашарлайды, ауру жеңіл түрде өтуі мүмкін, сондықтан өте қауіпті түрде өтетінін айта кету керек, ол тұмау, баспа, суық тию, тонзиллит және тұмау сияқты «зиянсыз» ауруларға ұқсас болады.Тоңу, ауыру, қатты шаршаудан организмнің қорғаныш күштерінің әлсіреуі сияқты қолайлы жағдай пайда болғанда  менингококк бас миының қабығына тез өтеді және қабынуды тудырады.

         Инфекцияның көзі -  науқас адамдар және «дені сау тасымалдаушылар», яғни қандай әрекет жасау керек?

         Аурудың әдеттегі суық тию сияқты жасырын өтуі мүмкін екендігіне байланысты дәрігерге уақытылы қаралу қажет. Менингитке күдік пайда болған жағдайда пациент инфекциялық аурулар аурханасына шұғыл емдеуге жатқызылады.

         Менингиттің алдын алу үшін :

         - Қажет болмаса, адамдар көп жиналатын жерлерге, сауда ойын-сауық кешендеріне, нашар желдетілген үй-жайларда өткізілетін мәдени-көпшілік іс-шараларға баруды шектеу;

         - суықтамау және ауа-райына қарай киіну керек.

         - қолды жуыңыздар. Ауру жұқтыруды болдырмау үшін қолды мұқият жуған өте маңызды. Балаларыңызды да қолын жиі жууға үйретіңіздер, әсіресе тамақ ішу алдында, қоғамдық орында болғаннан кейін, сондай-ақ жануарларды ұстағаннан кейін;

         - өз денсаулығыңызды бақылаңыздар. Жақсы демалып, жүйелі түрде спортпен айналысып және дұрыс тамақтануды ұстана отырып, өздеріңіздің иммундық жүйелеріңізді сақтаныңыздар;

         - науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар медицина қызметкерлерінің бақылауымен профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдау жөніндегі дәрігердің тағайындауын орындауы керек.

Қазақстанның барлық облыстарында менингит бойынша кеңес беруге арналған саll-орталықтар қызмет көрсететіндігін еске түсіреміз. Саll-орталықтарында тәулік бойы халықтың барлық сұрақтарына жауап беретін инфекционист және эпидемиолог дәрігерлер жұмыс істейді. Республикалық саll-орталық: 8 (7172) 554900. Астана қ; Павлодар облысы: 8 (7182) 662499, 87023001517.

Сондай-ақ жұмыс телефондары– Павлодар қ.: 8 (7182) 553914, 8 (7182) 553830; Екібастұз қ.: 8 (7187) 775024.

Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда!

 

        

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

эпидемиологиялық қадағалау

бөлімінің басшысы                                                        Б. Бекпаева