Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өткізілді

Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу қарсаңында және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментімен берілген іс-шаралар кешенін орындауда 9 және 10 маусымда Екібастұз қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өткізілді.

Спартакиаданың ашылуы «Шахтёр» қалалық саябағында Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Н.В. Нефедованың кіріспе сөзімен басталды, содан кейін таңғы жаттығумен жалғасты.  

Жарыстарға әртүрлі мемлекеттік органнан мемлекеттік қызметшілер белсенді қатысты.