Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Б» корпусы төменгі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс

«Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік

лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары Е-4, E-R-4 санаттары үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. **

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылдық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 10 мамырдағы «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б»корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы" № 85 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 98 бұйрығына сәйкес.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

Е-4

77452,33

104935,42

E-R-4

73288,23

99105,67

**Ескертуге: осы талап "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ, 141200, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй, анықтама телефондары/факс: 340856, электрондық мекенжайы: sup.ae@pavlodar.gov.kz, «Б» корпусының бос төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға

жалпы конкурс жариялайды

 

1. «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы, E-4 санаты, (№ 01-1-15-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Талап ету және наразылық жұмыстары. Шарттарға сараптама жасау. Атқарушы органдардың нормативтік актілеріне құқықтық сараптама жасау. Бөлімдегі құжаттардың орындалуына бақылауды ұйымдастыру. Азаматтық, салық, еңбек заңнамаларын және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы іске асыруда қала әкімі аппаратының бөлімдеріне, дербес атқарушы органдарға консультативтік көмек көрсету. Қала әкімі аппаратының, әкімдіктің жұмысын құқықтық қамтамасыз ету. Азаматтардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (құқық саласында (заңтану, халықаралық құқық), мемлекеттік қызмет өтілі - бір жылдан кем емес немесе осы санаттың нақты лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс тәжiрибесi болған жағдайда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (құқық саласында) білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін орындау және талдау секторының бас маманы (уақытша бос лауазым), E-R-4 санаты, (№02-01-01-4-2), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Ауыл округтері мен кенттер әкімдері аппараттарының міндеттемелері мен төлемдеріне қатысты бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарын орындау жөніндегі мерзімді және жылдық есептіліктің талдауы. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен қаржыландыру жоспарына енгізілетін өзгерістер негіздемесінің мониторингін жүзеге асыру. Бюджеттік мониторингті жүзеге асыру. Мемлекеттік мекемелермен олардың иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) іске асырылудан түскен түсімдер мен шығындар бойынша бағдарламалар әкімшілерінің келісу үшін ұсынылған жиынтық жоспарларының дұрыс құрылуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Түсімдердің жиынтық жоспарын әзірлеуді, құруды, бекітуді және орындауды жүзеге асыру. Қызметтік міндеттерді атқару кезінде алынған мәліметтер мен ақпараттарды құпияда сақтау, және құпияны қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - жоғары (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы: экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі (сервис, экономика және басқару саласындағы: қаржы, есеп және аудит, экономика) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» ММ бухгалтерлік есеп және есептілік секторының бас маманы, E-R-4 санаты, (№02-01-01-5-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінен өткізілуі жоспарланған және өткізілген мемлекеттік сатып алулар жөніндегі ай сайынғы есепті қабылдау. Қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінен өткізілген мемлекеттік сатып алулар туралы 1-МС нысаны бойынша тоқсан сайынғы , ай сайынғы есепті қабылдау. Мемлекеттік сатып алулардың өткізілуіне мемлекеттік сатып алулардың веб-порталы тәсілі арқылы электрондық форматта апта сайын, ай сайын мониторинг жүргізу.Мемлекеттік сатып алулар бойынша есеп құру үшін өткізілген мемлекеттік сатып алулар жөнінде деректер дайындау. Құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алулар өткізу жөнінде ұйымдастыру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде алған құпия мәліметтер мен ақпараттарды сақтау, құпиялылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.Ішкі еңбек тәртібінің ережесін сақтау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі - жоғары (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы: экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі (сервис, экономика және басқару саласындағы: қаржы, есеп және аудит, экономика) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ жоспарлы-техникалық жұмыстар секторының бас маманы (уақытша 2019 жылдың 30 мамырына дейін, негізгі қызметкердің ұзақ мерзімдегі демалысы кезеңіне), E-R-4 санаты, (№02-12-01-1-1-1), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қала мен ауыл аудандандарын құрылыспен игерген кезде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі бойынша заңнаманың, мемлекеттік нормативтердің және заңнамамен сәйкес бекітілген басқа да жобалық құжаттаманың нормалар сақталуы бойынша мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету. Бюджеттің барлық деңгейлерінен қаржыландырылатын құрылыс және қайта жарақтау нысандардың бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес жобаларды іске асыру барысын қадағалауды қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алуды дайындау және ұйымдастыру. Жұмыстарды, қызметтерді және тауарларды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық комиссия жұмыстарына қатысу. Жоғары тұрған мекемелер мен ұйымдардың қаулылары, шешімдері және тапсырмаларының орындалуы жөнінде бағыныстағы мәселелер бойынша ақпарат, есеп, анықтама дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу, өтініштерді орынға барып қарастыру. Мемлекеттiк мекеменiң қызметіндегі заңдылықты сақталуын және оның құқықтық қызығушылықтарын қорғауын қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алуларды құқықтық қадағалау. Келісім-шарт, шарт жобаларын дайындау, оларға қол қою, қойылған шарттарды орындау барысын бақылау және мониторингке жатқызу. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу» Заңдарында қарастырылған және басқа да нормативтік-құқықтық актілермен қарастырылған өзге қызметтерді орындау.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (техникалық ғылым және технологиялар саласында: құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, гидротехникалық құрылыс және салу; өнер саласында: сәулет; әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

5. «Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маман, E-R-4, (№02-04-01-4), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы саласында техникалық инспекция бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру; ауыл шаруашылығының дамуына мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі ұсыныстардың дайындалуын қамтамасыз ету, техникалық инспекция мәселелері жөнінде ұсынымдар дайындау және кеңес беру, мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес халыққа қызмет көрсету, техникалық инспекция жөнінде есеп жасау және тапсыру.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару; құқықтану саласында: құқықтану; ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында: аграрлық техника және технология; техникалық ғылым және технологиялар саласында: машина құрастыру, көлік, көліктік техника және технологиялар; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

6. «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» ММ қорғаншылық және қамқоршылық секторының бас маманы, E-R-4 санаты, (№02-06-01-3-2), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Өз өкілеттігіне сәйкес жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарын, қала әкімі шешімінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарында тәрбие мәселесі бойынша бағдарламалар мен тұжырымдаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Білім беру мекемелерінің құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, тәрбие жұмысы бойынша және көпшілік шараларды құқық қорғау органдарымен, атқарушы органдармен, «Қайнар» ББК-мен бірлесіп өткізуін үйлестіреді. Оқушылардың жазғы демалысын, шефтік жұмысын ұйымдастыру бойынша жұмысты бақылайды. Тәрбие жұмысының түрлі аспектілері бойынша статистикалық есепті дайындауды жүзеге асырады, жоғары тұрған орындарға құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша талдау материалдарын дайындайды. Тәрбие жұмысын бақылау бойынша білім беру мекемелеріне шығады. Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау бойынша қалалық Комиссияның тапсырмаларының орындалуы бойынша жұмыс жүргізеді, балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс бойынша ақпарат жинайды, мәліметтер жиынтығын құрады, мониторинг жүргізеді. Қиын балалармен жұмыс бойынша бағдарламалар, ережелер, әдістемелік ұсыныстарды «Қайнар» ББК-мен бірлесіп әзірлейді. Психологиялық қызмет Орталығының жұмысын үйлестіреді.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (білім беру саласында; құқық саласында, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында: мемлекеттік және жергілікті басқару), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (білім саласында; құқық саласында) барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күн, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Осы Қағидалардың 62-тармағы екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 29-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң 3 жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимаратында, Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп көшесі, 45-үй мекенжайында өтеді.

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді тестілеу бағдарламалары Е-4, E-R-4 санаттары үшін келесіні қамтиды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестер.

Үшінші бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Үшінші бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы Е-4, E-R-4 санаттары үшінкелесіні қамтиды: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), сараптамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12тапсырма), жемқорлыққа шыдамау (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестер;

Екінші бағдарлама бойынша тестерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды.

Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық – 1,5 балл, коммуникативтілік – 1,5 балл, сараптамалық – 2 балл, ұйымдасқандық – 1,5 балл, әдептілік – 1,5 балл, сапаға бағдарлану – 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану – 1 балл, жемқорлыққа шыдамау – 2 балл.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және

саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылуы мүмкін.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына 2-қосымша

___________________________

___________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені____________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________

__________________________________________________________________

__________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«____»_______________ 20__ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларына 3-қосымша

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

_______________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

_______________________________________________

лауазымы, санаты (болған жағдайда)

_______________________________________________________

ФОТО

(түрлі түсті,

3х4)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР

1.

Туған күні және жері

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)

 

3.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы

 

4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)

 

5.

Шетел тілдерін білуі

 

6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда)

 

7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда)

 

8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)

 

9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі

бағасы көрсетіледі (мемлекеттік қызметшілер толтырады)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

Күні

Қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері

қабыл-

данған

боса-тылған

     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
         

_______________ ______________________________
Кандидаттың қолы күні