Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz
Екібастұз қаласында Кәсіпкерлер палатасы филиалының жанынан ашылған Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Аталмыш орталық «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының төртінші, «Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру» бағыты бойынша келесі қызмет түрлерін көрсетеді:
Қызмет № 1: «Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты көрсетілетін қызметтер»;
Қызмет № 2: «Кедендік процедуралар бойынша есеп»;
Қызмет № 3: «Кәсіпкерлердің және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтінімдері»;
Қызмет № 4: «Заңгерлік қызмет көрсету»;
Қызмет № 5: «Маркетинг мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер»;
Қызмет № 6: «Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы кеңестер»;
Қызмет № 7: «Мемлекеттік сатып алулар, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты сатып алулар бойынша қызмет»;
Қызмет № 8: «Мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік».
Қызмет көрсету тегін.
Сервистік қызметке қатысты өтінішті мына мекенжайда беруге және алуға болады.
Екібастұз қаласы, Б. Момышұлы көшесі,45,тел: 8 (7187)347661.