Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



МЖС жобасы бойнша жеке серіктестікті анықтау үшін «Шахтер» саябағындағы бассейінді сенімді басқаруға беру» туралы конкурс жарияланды

«Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бассейінді сенімгерлік басқаруға беру арқылы, Екібастұз қаласының тұрғындары үшін мәдени –сауық және ойын –сауық іс –шараларын ұйымдастыруға арналған бірқатар қызметтері бар, кешенді  жабық жүзу бассейнін құруды қарастырады. Құрылыстары мен екпелері бар жер учаскесі «Екібастұз қаласы әкімдігі мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімінің «Досуг» орталығы КМҚК теңгерімінде (баланс).

Жобаны іске асыру саласы (аясы): мәдениет.

Іске асыру орны: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы,  Екібастұз қаласы,  Шешембеков көшесі, «Шахтер» саябағы.

Іске асыру мерзімдері мен кезеңдері: Іске асырудың басталатын күні: 2018 жыл, құрылыс кезеңі: 2018 жыл  (1 жыл).

МЖС мерзімі - заңнамаға сәйкес.

Жобаның мақсаты - Ашық бассейінді жабық бассейінге жаңғырту жолымен ауыстыру, қосымша қызметтік ғимараттар салу (киім шешу бөлмесі, жуыну бөлмесі және әкімшілік бөлмесі) және судағы ойын-сауық аттракциондарын орнату.

Міндеттері :

 - қала тұрғындарының, ауыл аймақ тұрғындарының және қала қонақтарының бос уақыттарын пайдалы өткізуін, сонымен қоса, мәдени бос уақытының қажеттіліктерін қанағаттандыру;

 - жаңа жұмыс орындарын ашу;

- жергілікті бюджетке салықтық төлемдер түсіру.

Жеке серіктесті анықтаудың болжамды жолы: серіктесті іздеу конкурс жарнамасы арқылы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік   - жеке   серіктестік» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз бұл жобаға қатысуға қызығушылық танытсаңыз, Сіз бізбен келесі байланыс телефондары арқылы хабарласа аласыз:

Бас маман: 8 (7187) 74-13-01, ұялы тел. 8-776-340-8237