Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



шиқылдақ ауылдық мектебінің оқушыларының ата аналары ата-аналар атынан ата-аналар атынан: білім бөліміне міндетті түрде қарастыру

Құрметті білім бөлімінің басшысы, сізге Комсомол жалпы білім беретін мектебінің оқушыларының ата-аналарынан өтінішіміз бар. Біздің мектепке осы айдың басынан бастап котельный салынуда. Біріншіден,сол құрылысты салып жатқан жұмыскерлер- сақалдылар(вахабистер) мектептің асханасынан тамақтанады,ол асханада бала бақшаның балаларыда,бастауыш сыныбының оқушылары міндетті түрде тамақтанады жоспар бойынша күнделікті мерзімімен. Неге жұмыскерлер мектеп асханасынан тамақтанулары керек,біз ол жұмыскерлердің кімде қандай ауруы бар екенін білмейміз ғой,неге шектеу қойылмайды... Ертең балаларымыз ауырса кім жауап береді?! Екіншіден,сол жұмыскерлер мектептің ішінде жүреді ары-бері,біздің балаларымыз мектептің ішінде жүргенге қорқатын болды,əсіресе қыздар. Олар мектептің ішінде жүретін құқықтары барма,жоқпа? Жұмыстары мектептептің сыртында ғой. Соны қолға алсаңыздар. Біз балаларымыз үшін алаңдаймыз! Рахмет

Құрметті ата-аналар! Сіздердің Екібастұз қаласы әкімінің сайтына түскен, асханада жұмысшылардың тамақтануына байланысты өтініштеріңізге, келесіні хабарлаймын.

Декреттік демалыстан 2018 жылғы 15 наурыздан бастап жұмысқа шыққан Комсомол ЖОББМ директоры Д. Корабаеваға бұндай деректерге жол бермеу ескертілді. Қазіргі уақытта жұмысшылар мектепте тамақтанбайды.

Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңы негізінде Сіздің қабылданған шешімді арыздауға құқығыңыз бар.