Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Таурбаева Динара Алмасбековна: Баламды балабақшаға орналастыру

Салеметсізбе! Біз жанұямызбен "солтүстікті қазақтандыру" бағдарламасы бойынша Қызылорда облысынан көшіп келдік. Жас отбасымыз.1 жарым ай болды. Біз баламызды №14 бөбектер балабақшасына орналастырғымыз келді. қазіргі уақытта қызым №5 "Жұлдыз" бөбектер балабақшасына барып жүр. бірақ бізге қиын уйімйзден де жұмысымыздан да алыс.Қызым 6 июньде 2 ге толады Алла қаласа. уйімізге жақын. Барып балабақша меңгерушісімен сөйлескем. бар жағдайды айтып. ол кісі-" қызыныз 2 ге толсада қабылдай алмаймын, ремонт біткен соң ғана қабылдаймын дейді" ал біз кунде жұмыстамыз.баланы жалғыз қалдыра алмаймыз. енді сізден көмек өтініш," біздің қызымызды тез арада №14 бөбектер балабақшасына орналасуына көмек берсеніздер. Оңтүстік аймақтан келгендерге шамалы көмек болады деген соң жазып отырмын сіздердің сайттарынызға. жақсы жаңалық болса екен.

Құрметті Динара Алмасбековна! Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, Сіздің өтінішіңізге, баланы №14 «Малышок» балабақшасына орналастыру бойынша, келесіні хабарлаймын.

Сіздің жағдайыңыз назарға алынды, Сізге қалалық білім бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз, мекен жайымыз, Екібастұз қаласы, Павлодарская көшесі 10, тел: 740380.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңы негізінде Сіз қабылданған шешімді арыздауға құқығыңыз бар.