Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Богатырь Транс» ЖШС-ның жұмыскерлері оқудан өтті

Екібастұз қаласы әкімінің аппараты мен Мемкорпорация арасында жасалған бірлескен жоспарға сәйкес ағымды жылдың 22 мамырында «Богатырь Транс» ЖШС-ның жұмыскерлері үшін семинар өткізілді. Семинар қатысушылары үшін электрондық-сандық қолтаңба (ЭСҚ) көмегімен  «Электрондық үкімет» порталында (ЭҮП) мемлекеттік қызмет алу көрсетілді. Сонымен қатар, «Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисімен» жұмыс істеу түсіндірілді және бір реттік SMS-пароль арқылы алуға қол жетімді ЭҮП-дағы қызметтердің тізбесі бар жаднама таратылды. Семинар соңында тілек білдіргендер ЭСҚ алды.   

ЭСҚ алу үшін қызмет алушының өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы керектігін айта кеткен жөн.