Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеудегі спорттық іс шаралар

 2013 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге орай Екібастұзда бұқаралық-спорттық іс шаралар өтті.

           «Қайнар»  ББУҚК хауазында (№ 17 ЖОББМ) қала тұрғындарының  үлкендері арасында жүзуден жарыс өтті.  Жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасында  Василец Андрей, Лисица Дмитрий, Пчелинцев Юрий, Текібаев Серік және әйелдер арасында Каплич Ульяна, Суханова Иннеса, Нападовская Елена, Алексеева Ирина, Чумбалова Раиса 1- орынды иеленді.

«Жасыбай» БЖСМ-ның шахмат бөлімшесінде дәстүрлі жарыс түрі – тоғызқұмалақтан турнир өтті. Нәтижесінде 1-орынды  Резуанов Нұрахмет пен «Бүлкенова Әсем, 2-орынды Жетпісбаев Балташ пен  Амербекова Майра, 3-орынды  Бүлкенов Қуаныш  пен Бадамшина Бақыт иеленді. 

№ 4 БЖСМ-да кадеттер командалары арасында футбол бойынша қалалық ашық Біріншілік өткізілді. Жарыстың қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар атаңды. Ақсу қаласының командасы 1-орынға,  Павлодар қаласының командасы 2-орынға және Екібастұз қаласының командасы  3-орынға ие болды.