Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Байбосын Сайлау Ашенович: Жылу және ыстық су жоқ

Құрметті Қайрат Теміршотұлы!  

Мен тұратын үйде (Энергетиков көшесі, 97 үй, 12 пәтер) қыс бойы дұрыс жылу және ыстық су болған жоқ. Тек наурыз айында ғана комиссия шығарып, жылуға қол жеткіздік. КСК дұрыс жұмыс істемейді. Тұрғын үй комиссиясына барып едім, олар КСК-да біздің шаруамыз жоқ дейді. Енді міне, он шықты күн болды, ыстық су жоқ. Жылуды сөндіріп тастаған. Үйде кішкентай балалар бар. Мүмкін сіздің өз үйіңіз жылы шығар, ыстық су бар шығар. Бірақ басқа адамдар қалай тұрып жатқанын көрем десеңіз, менің үйіме келіп, бір күн қонуыңызды сұраймын.

Құрметпен Сайлау Байбосын, жазушы, журналист, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

Құрметті Сайлау Ашенович! Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, Энергетиктер көшесі 97, 12-п. ыстық сумен жабдықтау параметрлерінің сәйкессіздігіне қатысты келіп түскен өтінішіңізге, келесіні хабарлаймын.

Бүгінгі таңда «ПТС» ЖШС «ЕЖЖ» ӨК магистарлды жылу желілеріне гидравликалық сынаулар жүргізуде, соған байланысты ЫСЖ температурасын өлшеу мүмкін емес.

Ыстық сумен жабдықтауды беру қалпына келтірілгенде, коммуналдық қызметті тиісінше сапада алу мәніне комиссиялық тексеру ұйымдастырылатын болады.

Мәселе «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ бақылауында қалады.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.

Құрметті Сайлау Ашенович! Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, Сіздің өтінішіңізге ыстық сумен жабдықтау параметрлерінің сәйкессіздігі мәселесі жөнінде, мынаны хабарлаймын.

Бұл өтінішті 2018 жылғы 6 маусымда «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мамандары орынға барып қосымша қарады. «ЕЖЖ» ӨК техникалық іс-шаралар өткізген соң ыстық сумен жабдықтау параметрлері қалпына келтірілді. Сіздің үйде болмауыңызға байланысты, Сіздің пәтердің сумен жабдықтау құбырларымен көлденең орналасқан №6 пәтерде өлшеу жүргізілді, ыстық сумен жабдықтаудың температурасы 50 градус, бұл нормаға сай.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының сәйкес Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.