Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Зардыхан Маншук Зардыханқызы: Қала əкіміне үй туралы өтініш

Құрметті Қайрат Теміршотұлы! мее Шиқылдақ ауылының мед бикесі Зардыхан Маншукпін. Бізге əкімшіліктен баспанасы жоқ мамандық иелеріне уақытша тұратын жаңадан салынған пəтерлер берілді 2017жылдың күзінде. Дəрігерге,2мұғалімге,участкелік инспекторға. Берілген үйлерде қазіргі уақытқа дейін ешқандай отбасы тұра алмай жатырмыз,балаларымыз кішкентай.Жылу жүйесі дұрыс емес, үйдің іші жылынбайды,суық.Пеші ол пəтерлерге сай емес көлемі үлкен пеш,трубалары жіп жіңішке металлопластик трубалар,батареяларыда аллюминий. Ол пешке трубасы да,батареясы да сай емес,қатты қайнаса суы төгіліп,трубалары толқып кетеді,насосы істемей қалады 2үйдіңде,қыс бойы пеш жағумен уақытымыз өтті,бірақ ешқандай нəтижесін көрмедік. Одан басқада ұсақ түйек жұмыстары бар есік терезе дегендей. Бірақ бізге ең бастысы жылу жүйесін толықтай жөндесе. Осы уақытқа дейін Абай Мажитовичпен ауыл əкімі арқылы да сөйлестік,ол кісі өзі де келіп бірнеше рет көрді жағдайымызды. Ауыстырамыз,ауыстырамыз дегелі 3 ай асты. Əлі ешқандай жұмыс жасалған жоқ. Осы мамыр айының екісі күні соңғы рет Бойко келді,ол кісі тек қана пешті айырбастаймыз,трубасымен батареясы қалады деді. Пешті айырбастағанмен трубасын батареясын ауыстырмаса ауылдық жерге олар мүлдем жарамайды,қаланың температурасы сияқты біздікі бір температурада тұрмайды ғой. Біресе суып қалады,біресе бірнеше градусқа дейін қайнатамыз суды,сондықтан металлопластик трубалар ыстықпен суыққа жарамай атылып кетуі мүмкін. Сондықтан бізге темір пешпен темір трубаларға айырбастап берсе дегенбіз. Міне,жаз болды,күнде ертең деумен келеміз.Тезірек жөндеу жұмыстарын бітіріп,қашан сол үйлерде адам сияқты тұрамыз деген оймен күніміз өтуде. Күте күте шаршадық,сізге жазбасқа амал қалмады,бір шара қолдансаңыз əкім мырза! рахмет!

Құрметті Маншук Зардыханқызы! Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына, Сіздің Шиқылдақ ауылында (Абай көшесі, 24/1, 24/2, 25/1, 25/2) екі екіпәтерлі тұрғын үйлердің жылыту жүйесіне қатысты келіп түскен өтінішіне «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ, келесіні хабарлаймын.

Кепілдік міндеттемелер шеңберінде Абай көшесі, 24/1, өнім берушімен бұрын орнатылған ұзақ жану қазанын ауыстыру жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар жылыту жүйелері сынап көрілді. Өнім берушімен қалған үш қазанды ауыстыру үшін қазанды сатып алуға өтінім жіберілді.

Құбыр желісін ауыстыру қарастырылмаған, себебі жылыту жүйелері жұмыс күйінде.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы негізінде, Сіз қабылданған шешімге шағымдануға құқылысыз.