Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мемлекеттік қызметші күніне орай бір игі іс

Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеу қарсаңында, яғни 2018 жылдың 14-15 мамырында Екібастұз қаласы әкімдігі атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында қайырымдылық эстафетасы ұйымдастырылды.

Аталған игі іске әкімдіктің қызметкерлері белсенді қатысып, мұқтаж жандарға көмек көрсетуде өз үлестерін қосты.  

Жиналған қаражат Екібастұз қаласындағы «Үміт» балалар үйіне материалдық-техникалық жабдықталуына табысталды. Осы шараның  жарқын мереке  - Халықаралық Отбасы күнімен тұспа - тұс келуі, балаларды қуантып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  

Бір айта кететіні, шарапаты мол шара облыс деңгейінде барлық атқарушы органдар арасында өткізілуде.