Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Зардыхан Маншук Зардыханқызы: қала əкіміне

Құрметті Қайрат Теміршотұлы,мен Зардыхан Маншук Шиқылдақ ауылының мед.бикесімін. Бізге,дəрігерлерге;участкелік инспекторға,2мұғалімге 2017жылдың қазан айынан бастап үкіметтен уақытша тұруға жаңадан салынған үйлер берілген болатын. Сол үйдің мəселесі шешілмей ақ қойды,барлық мəселе жылу жүйесіне байланысты болды,ақпан айынан бастап пəтердің кілтін өзімізге берді,содан бастап қыс бойы сəуір айының соңына дейін күн жылынғанша пеш жақтық,пеші бұл пəтерлердің көлеміне сай емес,үлкен ғимараттарға арналған пеш. Қатты қызса суы тасып,қайнап кетеді. Трубалары мүлдем бұл пешке сай емес,жіңішке металлопластик трубалар,батареялары аллюминий.... Балаларымыз кішкентай,үй суық болғандықтан бұл үйлерде ешқандай отбасы мүшелері тұра алмадық,тек пешін ғана бостан босқа күнде жағумен болдық. Одан басқа ұсақ түйек кемшіліктері бар есіктері дегендей. Бірақ бізге ең бастысы жылу жүйесін тезірек бітіріп берсе дегенбіз,содан бері күткелі 3ай асты,соңғы рет осы айдың 2сі күні келді Бойко,ол кісінің айтуы бойынша толықтай жылу жүйесін ауыстырмаймыз;тек пешін ғана көлемі кішкентай пешке ауыстырамыз деді. Пешті ауыстырғанмен жіңішке трубаларды ауыстырмаса болмайды,одан бері 2апта өтті,мерекелер өткен соң келеміз деді келмеді. Бұл мəселені ауыл əкімі де біледі,ол кісіге де бізге берген жауапты айтады. Абай Мажитовичте бұл мəселе жөнінде хабардар. Күнде келет ауыстырат деп келеді міне жаз болды,күте күте шыдамымыз таусылды,сізге жазбасқа амал қалмады. Тұруға берген соң тұратын жағдай жасап қозғалмасақ бітетін емес бұл мəселе. Тез арада бір шешімін қарастырсаңыз. Рахмет!

Құрметті Маншук Зардыханқызы! Сіздің өтінішіңіз назарға алынды! Нәтижесі жөнінде қосымша хабарлаймыз.