Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы

Кеден одағы «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті 2010 жылғы 18 қарашадағы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының техникалық реттеудің бірыңғай принциптері мен ережелері туралы келісіміне сәйкес әзірленді.

Осы техникалық регламенттің қызметі  мына өнімдерге таралады:

1. Сүт емізіктері, іші қуыс емізіктер және латекстен, резеңкеден және силиконды эластомерден жасалған санитариялық-гигиеналық бұйымдар химиялық және механикалық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келу керек. Су  сорындысы дәмінің болуына жол берілмейді.

2. Текстильді маталардан жасалған киімдер, бұйымдар, былғары мен терілер, трикотажды бұйымдар мен дайын даналап сатылатын текстильді бұйымдар. Бір жасқа дейінгі балаларға арналған (өлшем диапазоны – бойы 74 см-ге дейін, кеуде айналымы – 48 см-ге дейін) текстильді маталардан жасалған киімдер, трикотажды бұйымдар және дайын текстильді бұйымдар биологиялық және химиялық қауіпсіздікталаптарына жауап беру керек. Жаңа туған нәрестелерге арналған бұйымдар және 1 жасқа дейінгі балаларға арналған ішкі киімдер толтырмаларды есепке алмағанда, табиғи маталардан жасалу керек.

3. Пластмассадан жасалған ыдыстар мен  асханалық құралдардың ұштары мен шеттері, егер бұл бұйымның функционалдығымен белгіленбесе, өткір (кесетін, тырнайтын) болмау керек. Құятын жері сүйеніш болатын жабындыдан шығып тұруына жол берілмейді. Бұйымның қорғанышты-декоративті жабындысы ылғалды өңдеуге тұрақты болу керек.

4. Аяқ киімнің және былғарыгалантереялық бұйымдардың қауіпсіздігі бояудың құрғақ және дымқыл үйкелуге және терінің ықпалына тұрақтылығымен, сондай-ақ бөлінетін зиянды заттардың қосындысы мен физикалық-механикалық қасиеттердің кешенімен бағаланады.

5. Балаларға арналған бесік арбалар мен велосипедтер. Балаларға арналған бесік арбалар көлденең және еңкейіңкі жазықтықта (10° бұрышта) тұрақты болу керек, тежегіштік және блокадалық жүйеге ие болу керек. Қоғалатын және алынатын бөлшектердің қалыпты орнынан  өз бетімен қосылуына жол берілмейді.

6. Баспалық кітап және журналдық өнім, мектептік-жазбалық құралдар. Баспалық өнімнің биологиялық қауіпсіздігі баспа түріне қарай шрифтік безендірілу өлшемдерімен және мәтіндерді безендіру тәсілдерімен, мәтін көлемімен, тұтынушының жасымен және балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес анықталады.

Осы техникалық регламенттің қызметі мыналарға:

- медициналық мақсатта қолдану үшін өңделген және әзірленген өнімге;

- балалардың тамақтануына арналған азық-түліктерге;

-парфюмерлік-косметикалық тауарларға;

- спорттық бұйымдар және құрылғыларға;

- оқу құралдары, оқулықтар, электрондық оқу баспаларына;

- ойыншықтар, үстелдік баспалық ойындарға;

- жиһаз, жеке тапсырыс бойынша жасалған өнімгетаралмайды.

 

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

бас маманы                                                                    А.Қ. Кенесов