Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Нитраттармен уланудың алдын алу

Нитраттардың адам ағзасына түсудің негізгі жолдары болып, су және көкөніс-жемісті өнім саналады, осылар арқылы адам ағзасына нитраттардың жалпы санынан  75-тен 90%-ға дейін түседі.

Нитраттар – бұл азот қышқылының тұздары, олар азотты тыңайтқыштардың топырақ құрамында көп болуы кезінде су мен азық түлікте жиналады. Адамдар жануарлардан алынған өнім нитраттарының 6%-ын, ал жеміс-жидектерден көбірек, яғни, 70%-ын қабылдайды.

Артық нитраттар бауыр, бүйрек ауыруына, иммунитеттің төмендеуіне әкеп соқтырады. Көбінесе балалар ЖРВИ-мен, созылмалы суық тию және пневмониямен ауырады.

Адам ағзасына нитраттар көп түссе метгемоглобинемияға, асқазан қатерлі ісігіне шалдығады, жүйке және жүрек-қан тамыры жүйелеріне, эмбриондардың дамуына теріс әсерін тигізеді. Метгемоглобинемия – бұл оттегілік ашығу (гипоксия), оттегін көтере алмайтын қан гемоглобині метгемоглобинге айналуына әкеп соғады. Метгемоглобин қанға нитраттардың түсуі кезінде жиналады. Қанда метгемоглобиннің құрамы 15% шамасында болса енжарлық пайда болады, құрамында 50% аса болса ұйқы келіп, тұншықтырудан өліп кеткен тәрізді белгілермен өліп кетеді. Ауру демікпе, такихардия, цианозбен сипатталады, ауыр жағдайда есінен тану,
тырысу, өлім. Нитраттар концентрациясының аса көп болулары: қырық қабатта – өзегі мен жапырақтарында, қияр, қымыздық, көкшөптерде – сабағында (ұшында), сәбіз, шомырда – тамырының астыңғы бөлігінде. Құрамындағы нитраттар тазалау, суға салу, қайнату кезінде төмендейді.

Алдын алу шаралары:

1. Термиялық өңдеуді қолданғанда нитраттардың 85%-ы бейтараптанады. Әрбір термиялық өңдеу (қуыру, қайнату, бұқтыру) пестицидтердің құрамын 3 есе төмендетеді. Термиялық өңдеу ұрықтың түбірінің нәрін (сәбіз, қызылша) ыстықтай құю керек, суыған уақытта нитраттардың бөлігі ұрық түбірінің нәріне айналады.

2. Өндірген уақытта нитраттарды көп қолданатын консервіленген өнімдерден сақтану керек.

3. Жеміс-жидектерді және көкөніс жапырақтарын ағынды суға жуып, пестицидтердердің 60 %- нан құтылу қажет. Көкөніс жапырықтарын өңдеу: орамжапырақ, қымыздық, ақжелкектерді тұзды суда жуу қажет.

4. Қабық, қабықша және жапырақтардан тез арада құтылу керек. Себебі жарамсыз заттар қабықта жиналады.

 

Бас маман                                                                                   Ильяшева А.К.