Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Наталья Владимировна Нефедова Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Екібастұз қаласы әкімінің 2018 жылғы 10 мамырдағы өкімімен Наталья Владимировна Нефедова Екібастұз қаласы әкімінің  орынбасары болып тағайындалды.

1983 жылы Павлодар қаласында туған. Павлодар университетін «Шет тілі мұғалімі» мамандығы бойынша, Инновациялық Еуразиялық университеттің магистратурасын «Педагогика және психология магистрі» мамандығы, Инновациялық Еуразиялық университетті «Мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры» мамандығы, Омбы мемлекеттік педагогикалық институтын «Жалпы педагогика» мамандығы бойынша аяқтады.

Жалпы жұмыс өтілі-13 жыл, мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі -11 жыл.

Өз еңбек жолын Павлодар қаласы «Ұлттық жаңғыру мектебі»  МКҚК –да тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастады.

Әр жылдары түрлі лауазымдарды атқарды: Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті адамның адамгершілік – рухани дамуы бөлімінің бастығы, директорының орынбасары, директорының міндетін атқарушы, Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы.