Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтер алуды оқыту семинары

 «Электрондық үкімет» порталын қолдануды азматтарға оқыту бойынша жоспар-кестені орындау шеңберінде ағымдағы жылдың 11 мамырында Екібастұз қаласы әкімінің аппараты Мемлекеттік корпорациямен бірлесіп «Екібастұз медициналық колледжі» КМҚК-ның қызметкерлерімен және студенттерімен кездесу ұйымдастырды. Іс-шараға қатысушыларға «Электрондық үкімет» порталы арқылы негізгі сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді алу бойынша электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) берумен  оқыту өткізілді. Сонымен қатар «Үшінші тұлғамен анықтама алу сервисімен» жұмыс істеу түсіндірілді және бір реттік SMS-пароль арқылы алуға қол жетімді ЭҮП-дағы қызметтердің тізбесі таратылды.