Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жем-шөп сақтаудағы өрт қауіпсіздігінің талаптары

Өрт шығу жағдайларының алдын алу үшін Сіздерден келесі өрт қауіпсіздігі ережелерінің негізгі талаптарын сақтауды сұраймыз:

Жем-шөп қоймасын сақтауда:

- жем-шөп қоймаларын тек қана жалғастыра салынған қора-қопсыларда, ферма ғимараттарынан жекеленген саңылаусыз жанбайтын қабырғалар (қалқа) және отқа төзімділігі 0,75 сағаттан кем емес жабындыларда сақтауға болады.

- жалғастыра салынған қора-қопсылардың шығатын есіктері тек қана тікелей сыртқа шығатындай болуы керек.

- пішен сарайы үйінді дуалмен, темір сым албармен қоршалған болуы қажет. Таразыны пішен сарайының сыртына орналастырған жөн.

- жем-шөп маялары және қатарлары электр беру желілеріне дейін 15 м кем емес, жолдарға дейін – 20 м кем емес және ғимаратар мен құрылыстарға дейін – 50 м кем емес арақашықтықта орналасуы керек.

- орман алабтарына жақын орналасқан пішен қоймалары қоршаудан 20 м кем емес орналасқан және еңі 1 м кем емес шұңқырға қазылған болуы керек.

- өндірістік-шаруашылық кешен аумағындағы жем-шөп қоймаларын осы үшін арнайы бөлінген ауданға орналастыру қажет. Шөп маяларын орналастыруға арналған аудандарын, сондай-ақ мая жұптарын немесе қатарларын еңі 4 м кем емес сызықпен периметр бойынша жырту керек. Ауданда орналасқан шөп маясынан сызықтын шетіне дейінгі арақашықтық 15 м кем емес, ал жеке тұрған маяға дейін – 5 м кем емес болуы қажет.

- бір маяның орналасу ауданы 150 шаршы метрден, ал қатардың ауданы нығыздалған пішеннен – 500 шаршы метрден аспауы қажет.

- жеке қатарлар, маялар арасындағы өртке қарсы алшақтық 20 м кем емес болуы керек. Қатарларды, маяларды орналастырған кезде олардың арасындағы арақашықтық 6 м кем емес, ал олардың жұптарының арасы 30 м кем емес  қарастырылуы керек.

- кварталдар арасындағы өртке қарсы алшақтық (кварталда 20 мая немесе қатар орналастыруға болады) 100 м кем емес болуы қажет.

- ылғалдылығы жоғары пішенді, араларын 20 м кем емес алшақтықпен конустық маяларға (көпенелерге) салу ұсынылады. Өздігінен жануға бейім, ылғалдылығы жоғары пішен маяларына сынап термометрлерінің көмегімен үнемі температуралық бақылау жасап отыру қажет, оларды дюймдық қиманың металлдық құбырларына қойып, маяның әр түрлі тереңдігіне орнатады.

- жем-шөп қоймаларында жұмыс істейтін тракторлар мен автомобильдер ұшқын сөндірушімен жабдықталған болулары қажет, автомобильдердегі өшіргі бампердің астынан алдыға шығарылған болуы керек. Жем-шөп қоймаларындағы жұмысқа ұшқын сөндірушімен жабдықталмаған тракторлар мен автомобильдер жіберілмеуі қажет. Қоймаға кірмес бұрын, жүргізушілер ұшқын сөндірушінің бекітілуінің жұмыс істеп тұруы мен беріктігін тексерулері қажет.

- шығару түтіктерімен, коллекторлармен және өшіргілермен жанасудан жем-шөптің өртенуін болдырмау үшін, жүк түсіру жұмыстарымен айналысатын тракторлар мен автомобильдер маяларға 3 м жақын емес жерге тоқталуы керек.

- автомобильдің жүк салатын қорабына жем-шөпті түсіру кезінде оның қозғалтқышы сөндірілген болуы қажет. Қоймадан шығуға рұқсат тек қана автомобиль тұрағын тексеріп, шығару түтігінің маңынан пішенді жинағаннан кейін беріледі.

- жем-шөп қоймаларында өрт шыққан жағдайға 50 м3 кем емес су қоры болған жөн.

Астықты сақтаған кезде:

- егін жинауды бастамас бұрын, астық қоймалары мен кептіргіштерінің жұмыс істеуге жарамдылығы тексерілуі қажет. Анықталған ақаулар астықты қабылдау мен кептіруді бастағанға дейін жойылады.

- астық қоймаларын жеке тұрған ғимараттарға орналастырған жөн. Олардың қақпалары сыртқа ашылуы және шығуға нұқсан келтіретін заттармен үйілмеуі қажет.

- толтырылған астықтың жоғарығы қабатынан жабындының жанғыш құрылмаларына дейінгі, сондай-ақ шамдар мен электр сымдарына дейінгі арақашықтық 0,5 м кем емес болуы керек.

- өртке қарсы тосқауылдарда ойылған жерлер арқылы астықты тасымалдау орындарында от өткізбейтін құрылғылар орнату қажет.

- тыйым салынады:

1) астықпен бірге басқа материалдар мен жабдықтарды сақтауға;

2) қойма бөлмелерінің ішінде дән тазартқыш және қозғалтқыштары ішінен күйіп кетуі мүмкін басқа да машиналарды пайдалануға;

3) қойманың екі жағынан қақпалары жабық кезде жылжымалы механизмдерде жұмыс істеуге;

4) қатты отынмен жұмыс істейтін кептіргіштерді жылдам тұтанатын сұйықтықтың және жанғыш сұйықтықтың көмегімен, ал сұйық отынмен жұмыс істейтіндерді – факелдың көмегімен оталдыруға;

5) электрлік тұтандыру жүйесімен немесе оларсыз, оттықта факел сөніп қалған кезде отын беруді ағыту автоматикасының және температураны бақылаудың сынған аспапатарымен кептіргіштерде жұмыс істеуге;

6) тасымалдау лентасының деңгейінен астықты жоғары толтыруға және тасымалдау құрылмасына лентаның қажалуына жол беруге. 

- жұмыс істеп тұрған кептіргіште астықтың температурасын бақылауды әрбір 2 сағаттан кейін сынама алу жолымен жүзеге асыру қажет.

- шаң мен дәннен кептіргіштің тиегіш-түсіргіш механизмдерін тазарту тәуліктен кейін жүзеге асырылады.

Жылжымалы кептіргіш агрегат астық қоймасының ғимаратынан 10 м кем емес қашықтықта орнатылады.

Кептіргіштердің оттықтарының құрылғысынан от ұшпауы қажет. Түтін түтіктерін ұшқын сөндірушілермен жабдықтау қажет, ал жанғыш құрылмалардан өтетін жерлерде өртке қарсы бөлгіштер орнату керек.

Астықты желдету кезінде астық қоймаларында желдеткіштерді жанғыш қабырғалардан 2,5 м кем емес қашықтықта орнатқан жөн. Ауа шығарушылар жанбайтын материалдардан жасалады.

Пайдалану нұсқаулығына сәйкес кептіргіштердегі ішпектерді және басқа да қажалатын механизмдерді үнемі майлап отыру қажет.

Астық кептіргіш жұмыс істеп тұрған уақытта онда жұмыс істейтін тұлғалар кептіргіш ғимаратында үзіліссіз болғандары жөн және оның жұмысын бақылаулары қажет.

 

Екібастұз қаласының ТЖБ МӨББ