Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бруцеллезден сақ болыңыздар!

Бруцеллез – адам ағзасының мүшелері мен жүйелерінің көптеген зақымдануымен сипатталатын ауру малдан адамға жұғатын жұқпалы инфекциялық ауру.

Адамға бруцеллездің қауіпті қайнар көзі болып  сүт, несеп, төлдеген кезде шығатын су арқылы қоздырушыны бөлетін қойлар, ешкілер, сиырлар және шошқалар болып саналады. Ауру сау адамға бруцеллезді қоздырушысы жануармен тікелей байланыста болған кезде, яғни малды сойған кезде, етті тураған кезде, малға күтім жасаған кезде, немесе жұқпаланған азық-түліктерді: шикі сүтті, пастерленбеген сүттен жасалған ірімшікті  ішіп-жеген кезде жұғады. Бруцеллез адам уақтылы емделмесе, мүгедекке әкелумен қауіпті.

Науқастар мынадай 4 негізігі шағыммен көмекке жүгінеді:

- буындардың, әсіресе аяқ жақ буындарының, тіпті кейде күшті және азап шегетіндей сырқырап ауруы.

- Созылмалы субфебрилитет түрінде (38 С дейін) немесе толқын тәрізді бірде жылдам көтеріліп, бірде түсіп дене қызуының артуы.

- Қарқынды терлеу, кейде түнгі терлеу.

- Жедел әлсіздік және күш-қуаттың жоғалуы.

Жоғарыда көрсетілген аурушаңдылық белгілері анықталған жағдайда тезарада   

дәрігерге қаралу қажет.

Аурудың алдын алу

- Ет пен сүт өнімдерін ұзақ пісіріліп, қайнатылған кезден кейін ғана қолдану;

- Шикі фарштың дәмін көруге қатаң тыйым салынады;

- Етті және сүт азық-түліктерін белгіленбеген орындарда  немесе кездейсоқ адамдардан сатып алмау;

- Ет пен сүт өнімдерін сауда жасауға белгіленген орындарда және дүкендерде сатып алу;

- Малды сойған кезде, шапқан кезде және етті тураған кезде резеңкелі қолғап пен резеңкелі етік кию.

- Қорғаныс киім-кешектерін (резеңкелі қолғап, резеңкелі етік, халат) қолдану арқылы  мал тұратын қораның күнделікті жиналуын және тазартылуын жүргізу;

- Теріні зақымдаған, жаралаған кезде йод ерітіндісі немесе сутегі тотығымен (перекись водорода) жараның өңдеуін жүргізу.

Бруцеллез аурушаңдылығы және уақтылы емес ем алу мүгедектікке, ерлер мен  

 әйелдердің бедеулігіне, жиі және өздігінен түсікке алып келу әбден мүмкін.

Сіздің денсаулығыңыз – сіздің қолыңызда екендігін есте сақтаңыздар!

 

    Жетекші маман                                                                             З.Д. Абденова