Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысы коғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз релизі

2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын жүргізуге қатысады. Ағымдағы жылы ол «Сізді және сіздің айналаңыздағы адамдарды ауыр түрде өтетін аурулардан қорғау үшін вакциналар әрекет етуде!»ұранымен сәуірдің 23-нен 29-ы аралығында өтеді.

         Науқанның мақсаты – барлық жастағы адамдар үшін иммундаудың маңыздылығы туралы хабардар болу деңгейін арттыру.

         2018 жылғы Еуропалық иммундау аптасының шаралары мынадай мақсаттарды іске асыруға бағытталат:

- вакцинацияланған және вакцинацияланбаған адамдардың денсаулығын ұжымдық иммунитет көмегі арқылы қорғау үшін вакциналар әрекет ететіні туралы хабардар болуды арттыру;

- жасөспірімдерге, ата-аналарған вакцинациялау пайдасына иммундау жөніндегі дәлелді ақпарат негізінде саналы таңдау жасау қажеттігі туралы еске салу;

- ата-аналарды олардың отбасы мүшелерінің, өздерін қорғау үшін де, басқа адамдарды да қорғау үшін уақтылы иммундау өтудің, яғни жалпы жауапкершіліктің маңыздылығы туралы хабардар ету.

         Вакциналарды пайдалану аурулар санын төмендетуге, ал кейбір жағдайда ертеде мыңдаған балалар мен ересектер зардап шегіп, көз жұмған бірқатар ауруларды жоюға мүмкіндік берді. Полиомиелит үнемі балаларға сал ауруымен қауіп төндіріп, ал шешек болса, адамның өлуіне әкеліп, бет-әлпетін бұзып, дифтерия, тырысқақ, қызылша мен қызамық өлімге душар ететін асқынуларымен (асфиксия, пневмония, туа біткен кемтарлық) қауіп төндіретін еді. Екпелердің арқасында табиғи шешек жойылып, полиомиелит болса, екі мемлекетте ғана тіркеліп отыр (Пәкістан, Ауғанстан, ал 1988 жылы мұндай мемелекеттердің саны 125 асқандығын атап өткен жөн). Қазақстан 2002 жылдан бастап полиомиелиттен азат ел болып жарияланды.

Вакцина арқылы ескертуге болатын жұқпаларға қарсы күрестің әлемдік тәжірибесі иммундаудың маңыздылығына назар аударылмаса,  вирусқа шалдығатын тұлғалардың (иммунды емес тұлғалар) саны өсетінін дәлелдейді, ал жұқпа өзін күттірмейді. Оған мысал ретінде Тәжікстандағы полиомиелит ауруларының таралу жағдайын келтіруге болады (2010 жылы 479 жағдай, оның ішінде 31 жағдай өліммен аяқталды). Аурудың өршуі Тәжікстанмен шекаралас елдерге де әсерін тигізді. Инфекцияның енуі нәтижесінде Қазақстанда полиомиелиттің 1 жағдайы тіркелді, бірақ республикамыздағы балаларды осы инфекцияға қарсы вакциналаумен қамтудың арқасында Қазақстанда полиомиелиттің таралуына жол берілген жоқ. 1988 жылы қол жеткізілген озықтыққа қарамастан, полиомиелиттен азат елге полиомиелит вирусы әкелініп, иммундалмаған халық арасында тез таралу мүмкіндігі бар.

         2011 жылдан бастап Еуропа елдерінде қызылша ауруның тарауы тіркелген: Франция елінде (2011 жылы – 14966 жағдай), Ресейде (2013 жылы -1584 жағдай), Украина (2013ж- 3091ж), Түркі елінде (2013 жылы – 7371 жағдай).

         Жоспарлы және қосымша егулердің арқасында республикамызда қызылша сырқаттанушылықтың деңгейін бірегейлік жағдайға төмендетуге қол жеткіздік .                  Қазақстанда 2016 жылы қызылшамен сырқаттанушылықтың 122 жағдай  тіркелді, 2015 жылмен салыстырғанда 19,5 есеге төмендеді, 2017ж- 2 жағдай  тіркелді .

Облыста қызылшаның          сырқаттанушылығы 13 есеге төмендеді, 2017 жылы қызылшамен ауыру жағдайлары тіркелген жоқ.

Бірақ енгізу қаупі бар: 2017 жылы Еуроодақ  елдерінде қызылшаның  14 мыңнан астам жағдайы және осы аурудан көз жұмған 41 жағдай тіркелді. Көбінесе Румыния елі зардап шекті,  онда 9 мың адам ауруға шалдығып,  35 өлім-жітім жағдайы тіркелді. 2018 жылдың басынан Украинада әқүң адам (1375 бала) ауруға шалдығып, 8 адам көз жұмды.

Жүкті әйелдердің қызамықпен сырқаттануы нәрестенің өліміне немесе туа біткен қызамық синдромы сияқты туа біткен ауытқуларға әкеліп соғуы мүмкін. Әлемде жыл сайын туа біткен қызамық синдромымен 100 000 аса нәресте дүниеге келеді.

ДДСҰ мәліметтері бойынша 240 миллион адам созылмалы В гепатиті вирусымен жұқтырылған. Жыл сайын 686 000 аса адам В гепатиті инфекциясынан, соның ішінде бауырдың циррозы мен қатерлі ісігінен көз жұмады.

«В» гепатиті – денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері үшін жоғары кәсіби қауіп төндіретін тәуекел. Дегенмен, оны қазіргі уақытта қауіпсіз және тиімді  екпенің көмегімен алдын алуға болады. 

         Елімізде халықты вакциналау Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 21 инфекциялық сырқаттанушылыққа қарсы тегін жүргізіледі. Егулер жүргізілетін инфекциялардың мерзімдері,  атаулары, ережесі ҚР Үкіметімен бекітілген.

         Ұлттық егулер күнтізбесі ТМД елдерінің ішінде ең үздік болып саналады және ДДҰ ұсынымдарына сәйкес келеді, сондай-ақ түрлі дамыған басым елдердегі  (Австрия, Израиль, Бельгия, Германия, Түркия, Жапония) иммундау кестесіне ұқсас келеді.

         Республикада халықты иммундау ДДҰ-да сертификатталған мемлекеттік тіркеу процедурасынан өткен вакциналар қолданылады.

         Вакциналау адамды инфекциядан қорғайтын ең тиімді жол болып табылатынын есте сақтаған жөн. Пайдаланылатын вакциналар қауіпсіз әрі тиімді. Ауруды емдегеннен ескерткен жақсы.

         Павлодар облысы коғамдық денсаулық сақтау  департаментінде  8-718-2-  55 38 30

         Республикада  « Вакцинология» тегін желі телефон   8 -8000-700-830 жұмыс істейді