Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2013ж.28.08. бастап 2013ж.04.09. дейінгі кезеңде «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел құтқару жасағының» күшімен өткізілген апаттық-құтқару жұмыстары

1. 14 сағ 23 мин. кіріс есігін ашалмағандығы, құлып желініп қалғандығы, пәтерде бес жастағы бала бар екендігі туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар қажетті орынға келіп, арнайы құралдар көмегімен кіріс есігін ашты. Зардап шеккендер жоқ.

2. 17 сағ. 31 мин. |Пшембаев көшесі және Строительный көшесі қиылысында ЖКО болғаны, нәтижесінде электрберу бағанының құлағаны туралы хабарлаған, әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына жетіп, қал.электржелісі және ЖПҚ қызметтерінің келгендеріне дейін жолдың қауіпті телімін оқшаулауды ұйымдастырды.  

3. 11 сағ. 18 мин. пәтерінің ас бөлмесінде аралар ұялағаны туралы хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар орнына келіп, арнайы құрал көмегімен төбені бұзды және ара ұясын алды.

4. 08 сағ. 20 мин. жылу желісі ұйымының аймағында, ит канализациялық люкке түсіп кеткені туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. өз күштерімен итті алып шыға алмаған. Құтқарушылар орнына келіп, құдықтан итті алып шықты.

5. 09 сағ. 52 мин. әжесі есіктің қаққанына және телефонға жауап бермейтіндігі туралы хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп  альпинистік құрал көмегімен бесінші қабаттың балконынан төртінші қабаттағы балконға түсіп, балкон есігінен пәтерге кірді. Әжей пәтерде толықтай есі дұрыс күйінде болды.                               

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің құқықтық емес шамадағы әрекеті жағдайында 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82 сенім телефондарына хабарлауыңызды сұраймыз.

  «ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

       Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

кинологиялық қызметінің басшысы                                     Куценко Г.А.