Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тұрғындарға күйдіргі туралы жаднама

Күйдіргі – адамның және жануарладрдың (ірі және ұсақ қара малдың, жылқы және шошқаның, т.б.) өлімге әкелетін аса қауіпті жұқпалы аурулардың бірі. Күйдіргінің  қоздырғышы сыртқы ортаның әсеріне өте тұрақты.

Топырақта жүздеген жылдар бойы сақталады. Аурудың ұзақтығы мен нышандары алуан түрлі. Ауру ағзаны түгелдей және жеке мүшелерді де зақымдайды.

Күйдіргі адамға қалай жұғуы мүмкін?

Ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өтпеген және белгіленбеген сауда орындарында сатып алынған мал өнімдерін пайдаланғанда жұғуы мүмкін. Сондай-ақ ауру малға күтім жасағанда, сойғанда, терісін алғанда, етті мүшелегенде, өлікті көмгенде, күйдіргі микробының спораларымен тұқымданған мал шаруашылық өнімдерімен байланысқанда (терімен, қабықпен, тері бұйымдарымен, жүнмен, қылмен), күйдіргің микроптың тұқымдандырудан адамға жұғуы мүмкін.

Жиі жағдайда тері, тыныс жолдарының шырышты қабығы және кейде – ішек-қарын жолы зақымдалады.

Ауруға шалдыққан адамның белгілері қандай?                              

                                               Адамда бұл аурудың 3 түрі бар:

                      

                        Тері             Ішек               Өкпе    

            Күйдіргінің тері түрімен ауырғанда инкубациялық кезеңде терінің алуан түрлі жарасы 2-ден 14 күнге дейін созылады. Алғашқыда зақымданған орында қызыл дақ пайда болады да, тері деңгейіне дейін жетеді. Біраз уақыттан кейін жара пайда болады. Науқастар қатты қышынуға және зақымданған жерде күйдіргіш сезіміне зарланады. Жара бойында ісіну және терінің қызарып кетуі байқалады. Жараның аймағында сезгіштіктің болмауы мен оның төмендеуі байқалады. Ағзаның улануының белгілері (температураның 390-400 С көтерілуі), жалпы әлсірегендік, қалжырағандық, бастың қатты ауруы, бастың айналуы, бірінші тәулікте немесе екінші күні жүректің қатты қағуы байқалады. Дәрігерге уақытында қарану және спецификалық ем жүргізудің арқасында әдеттегідей адамның жазылуымен аяқталады.

            Күйдіргінің өкпе түрінің белгілері тұмауға ұқсайды – температураның көтерілуі, адамның қатты қалтырауы, кеудеден қақырықтың қатты бөлінуі байқалады. Үш-төрт күннен кейін есеңгіреуге және өлімге әкелетін жіті өкпе жетімсіздігі қалыптасады.

            Күйдіргінің ішек түрінде іштің қатты ауруы, құсу, іштің қан аралас қатты өтуі байқалады. Сібір жараның инкубациялық кезеңі екі күннен жеті күнге дейін созылады.

Алдын алудың шаралары

1. Ауру малды және жұқтырылған өнімдерді, мал шикізатын (егер де ауру белгісі тіркелсе) елді мекен жерінен тыс шығаруға (келтіру) қатан түрде тыйым салынады.

2. Белгіленбеген сауда орындарында ветеринарлық ілеспе хатынсыз ет өнімдерін сатып алуға тыйым салынады.

3. Ветеринар маман міндетті түрде тексеруді жүргізгеннен кейін үй малын сойған кезде, жеке қорғаныш құралдарын (резеңкелі қолғап, халат) қолдану қажет.

4. Аурудың бірінші белгілерінен бастап-ақ, науқас жедел түрде медициналық көмекке жүгінуі тиіс, олар өз тарапынан курстық емдеуді анықтайды.

 

Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау                                           Абденова З.Д.   

басқармасының жетекші маманы