Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жазда ішек инфекцияларынан қалай сақтануға болады?

Жазда біздің ағзамыз түрлі ішек инфекцияларына ұшырағыш болады? Одан қалай сақтану керек?

Жазда саябақтарда ересектер мен балалар шөпте отырып, бутерброд жегендерін және кәуәп пісіргендерін байқауға болады. Кейде балалардың қолдарынан тағам түсіп жастса да, олар оны жеуді одан әрі жалғастыруға тырысады. Кейде мұндай демалыстың соңы аянышты - ішек ауруларымен аяқталады.

Ішек инфекцияларынан қалай сақтану керек жөнінде бірнеше кеңестерді ұсынамыз.

1. Қауіпсіз азық-түліктерді таңдаңыздар (пастерленген сүт, бөтелкеленген су). Жарамдылық мерзімі мен сақтау ережелерін есепке алыңыз. Жемістер мен көкөністерді ағынды суда жуып, кейін қайнаған ыстық сумен жидіткен жөн.

2. Тағамды мұқият өңдеңіз. Саңырауқұлақтарды, шөптерді және көкөністерді топырақтан ағынды және қайнаған сумен жуыңыз. Етті, балықты, құсты жақсылап пісіріңіз және қуырыңыз. Ауызсу мен сүтті қайнатылған түрде қолданыңыз.

3. Тағамды келесі күнге қалдырмаңыз. Суытылғаннан кейін оның ішінде микробтар көбейе бастайды. Көп тұрғаннан тағам жақсылыққа әкелмейді. Салаттарды 4-5 сағаттан артық сақтамаңыздар.

4. Қолдарыңызды жиі жуыңыздар. Қанша таңырқарлық болмасын бірақ көптеген адамдар дәретханадан кейін, даладан үйге келгенде немесе жануармен ойнағаннан соң қолдарын жууды ұмытады. Бұл дұрыс емес!

5. Ас бөлмені тазалықта ұстаңыз. Дақтар, қоқымдар – микробтарға арналған резервуар. Ыдысты қолданғаннан кейін жуыңыз. Орамалдарды күн сайын ауыстырыңыз, жууға арналған шүберектерді жиі жуыңыз.

6. Тұрмыста ас бөлмедегі үстелді, турайтын тақтайларды, керек-жарақтарды зарарсыздандыру құралдарымен өңдеу қажет. Оны тамақ істер алдында және тамақ істеп болғаннан соң жасаған дұрыс. Пышақтарды, шаңышқыларды, қасықтарды, ыдыстарды жуу құралдарын қолданумен жақсылап жуу, сумен мұқият шаю керек, жуып болған соң, ыстық қайнаған суға малып шығу керек.

7. Шыбындардың толық болмауын көздей отырып, оларды жою құралдарын қолдану керек.

8. Егер ас мәзірінде көкөністерден жасалатын салат болатын болса, оны тағамдардан кейін дайындау керек, салаттың қалдықтарын тоңазытқышта сақталатын болса да, қалдырмау керек.

9. Белгіленбеген сауда орындарынан және қолдан көкөністер мен жемістерді сатып алмаған дұрыс.

10. Дәретхана, ванна бөлмелерінің жуылуын зарарсыздандыру құралдарын қолдану арқылы күн сайын жүргізу керек.

11. Үйден тыс демалуға, іссапарға шыққанда, қолға арналған салфетка, не сұйықтық құрал ретінде зарарсыздандыру заттарын алған жөн. Оған балаларды да үйреткен дұрыс.

12. Егер үйде ішек инфекциясына шалдыққан науқас болатын болса, онда пәтердің (үйдің) барлық бөлмелерінде дезинфекцияны жүргіу керек. Төсек орынды қайнатып, немесе кір жуу машинасында ең жоғарғы температурада жуу керек. Ыдыстарды, жеке заттарды жуу құралдары арқылы жуып, соңында ыстық суға малу керек. Дәртехана мен ванна бөлмелерін міндетті түрде зарарсыздандыру құралдарын қолдану арқылы ылғалды жинастыруын жүргізу қажет.

13. Аурудың алғашқы көріністері кезінде (дене температурасының артуы, дәреттің өзгеруі, құсу, жүрек айну, әлсіздік, терлеу) тезарада дәрігерге жүгінген жөн.

14. Жазғы уақытта дене қызуына байланысты тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішкен дұрыс. Су қоймаларында шомылғанда, суды жұтпау, субұрқақтарынан суды ішпеу керек. Сонымен қатар балаларға субұрқақтарында шомылуға тыйым салу керек, өйткені бұл паразитарлық және аса қауіпті инфекциялардың тууына ықпал ету мүмкін.

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

бөлім басшысы Б.Т. Бекпаева