Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ыдыстардың, тұрмыстық электрониканың және үйге арналған тауарлардың 16 –Халықаралық көрмесі

Central Asia Houseware- Қазақстандағы беделді Халықаралық көрмелердің тәжірибелі  ұйымдастырушы  Central Asia Trade Exhibitions ұйымдастыратын ыдыстардың және үйге арналған тауарлардың  Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған көрмесі.

Өткізілетін мерзімдері: 2018 жылдың 27-30 мамыры

Өткізілетін орны: Қазақстан, Алматы қаласы, Атакент КО.

Көрменің негізгі бөлімдері:

АС ӘЗІРЛЕУ АСПАПТАРЫ

Түрлі материалдардан жасалған ас әзірлеуге арналған ыдыс, ас әзірлеу аспаптары, аксессуарлар, асхана құралдары, ұсақ тұрмыстық техника.

 ЫДЫСТАР

Шыны, хрусталь, фарфор, түскі ас сервиздері, шай және кофеге арналған сервиздер, үстелдерге арналған сәндік және жабдықтауға арналған заттар, «Премиум», HoReCa санатындағы ыдыстар, пластикалық ыдыстар.

ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКА

            Тоңазытқыштар, мұздатқыштар, ыдыс жууға арналған машиналар, кір жуатын машиналар, үйді тазалауға арналған техника, асхана пештері, бу сорғыштар, климаттық техника, азық-түлікті өңдеу, бекітпелі техника.

ШАРУАШЫЛЫҚ ТАУАРЛАРЫ

            Үйге арналған пластмасса бұйымдары, үйге және жуынатын бөлмеге арналған Аксессуарлар, үй-жайды тазалауға арналған заттар.

БАУ-БАҚША ЖӘНЕ ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ ҮЙЛЕРГЕ ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР

            Бау-бақша жиhазы, жарықтандырғыш, күркелер, аспалы торлар, барбекю, Грильдер әзірлеуге арналған құрылғылар, бір рет қолданылатын ыдыстар, сулықтар, хауыздар, субұрқақтар, монша мен сауна, аң аулау мен балық аулау.

СЫЙЛЫҚТАР

            Шыршалар мен шыршаны безендіруге  арналған заттар, пиротехника, Эксклюзивті сыйлықтар, кәдесыйлар мен сыйлықтар, сыйлықтар топтамасы, сағаттар мен шырақтар, Ароматизаторлар, өнер мен қолөнер.

            Көрмеге әр елден 100-ден аса компания қатысады: Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Польша, Чехия, Италия, Германия, Испания, Түркия, Корея, Малайзия, Тайвань, Үндістан, Қытай.

            Houseware 2018 Халықаралық көрмесін мамандандырылған жетекші көрмелерді ұйымдастыруда көп жылдық тәжірибесі бар Central Asia Trade Exhibitions Халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырған, бұл әр компанияға әлеуетті сатып алушыларын кездестіруге, ұзақ мерзімді сенімді келісімшарт жасауға, Қазақстанның дамыған нарығында өзіндік орнын табуға  мүмкіндік береді.

        Қызығушылық танытқан мәселелердің барлығы бойынша ақпаратты www.houseware.kz сайтынан немесе 8(727)2663680, 87076118104 нөмірлеріне қоңырау шалу арқылы ала аласыздар.