Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Дерматомикоздардың алдын алу

Дерматомикоздар – бірнеше түрлі саңырауқұлақтар арқылы туындайтын тері аруы және әдетте теріде бөртпелердің оқшаулануына байланысты топтастырылады.

Табан эпидермофитиясы (табан дерматомикозы) -  әдетте жылы ауа-райында көрініс табатын көп таралған саңырауқұлақ ауруы. Ол трихофитон (немесе эпидермофитон) аяқ бармақтарының арасында көбейетін саңырауқұлақтар арқылы туындайды. Саңырауқұлақ инфекциясы басқа белгілері жоқ  аса жеңіл қабыршақтануды немесе аяқ бармақтары арасында, табан қырларында  қышымалы, сулы, сырқатты аса күрделі қабыршақтануды туындатады. Сондай-ақ сұйықтыққа толы көпіршіктер қалыптасу мүмкін. Өйткені саңырауқұлақ терінің зақымдануын, табанның эпидермофитиясын туындататындықтан, әсіресе, қарт кезінде табанда қан айналымы бұзылған адамдарда бактериалды инфекцияның дамуына мүмкіндік  береді.

Бастың шашты бөлігінің дерматомикозы трихофитон (немесе микроспорум) арқылы туындайды. Бастың шашты бөлігінің дерматомикозы, әсіресе, балалар үшін жоғары контагиозды (жұқпалы). Ол әлсіз қышымамен, қызыл қабыршақтанған бөртпемен немесе ауру аймағының бөртпесіз шаштың түсуімен сипатталады.

Жұмсақ терінің дерматомикозы да трихофитон саңырауқұлағы арқылы туындайды. Инфекция әдетте қызғылт немесе қызыл бөртпе көрінісімен сипатталатын сипатталады, кейде бұл дөңгелек дақтарды қалыптастырады. Жұмсақ терінің дерматомикозы дененің кез келген жерінде көрініс табады.

  Жетекші маман                                                                        Акимова А.К.