Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Энтеровирустық инфекцияның алдын алу

Энтеровирустық жұқпамен ауру проблемасы әсересе жазғы кезеңде өзекті. Ауру ішкі ортада: су құбыры суында - 18 күнге дейін, өзен суында – бір айдай, тазартылған ағынды суларда – 2 айға дейін тұрақты энтеровирустармен туындайды.

Жұқпаның қайнар көзі болып тек науқас және вирустасушы ғана саналады. Таралудың негізгі жолдары – су арқылы, тұрмыстық қатынас, ауа-тамшы жолдары.

Вирус ластанған су, ойыншықтар, көкөністер, жемістер, қолдар, тағам азық-түліктері арқылы таралады. Адамдар лық толы жерде ауа-тамшы жолдары арқылы да жұғу мүмкін. Инкубациялық кезең орташа алғанда бір аптаға дейін.

Энтеровирустар көптеген ағза мүшелерін және адам ұлпаларын зақымдайды, бұл аурудың клиникалық әралуандығын анықтайды.

Олардың ішінде аса көп таралатын болып серозды вирусты менингит, энтеровирусты безгек, гепестік ангина, энтеровирусты экзантема, геморрагиялық конъюктивит, энтеровирустық диарея саналады.

Серрозды менингит жіті қарқынмен, жоғары температурамен басталып, күрделі дамиды. Аурудың 1-2 күні қатты бас ауруы, құсу, кейде ұйқышылдық, әлсіздік, кейде қозушылық, сергектік  көріністері Соңғы диагнозды қою және серрозды менингитті іріңді менингиттен дифференциялау жұлын сұйықтығын (ликворды) зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша ғана мүмкін.

Энтеровирустық жұқпалармен мүмкін болатын жұқпалануды болдырмау үшін жеке бас тазалығын сақтау қажет:

Аурушаңдылықтың маусымдық көтерілуі кезінде адамдардың жаппай жиналған орындарында болуды шектеген жөн.

Суық тию көріністері  анықталғанда (тұмау, жөтел және т.б.), қатты бас ауырса, дәрігерге уақтылы көмекке жүгіну керек.

 

Екібастұз қалалық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының

бөлім басшысы                                                        Б. Бекпаева