Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Құймалы балмұздақ

2018 жылы наурыз айының соңында Шымкент қаласында балмұздақпен 200 адам уланды. Науқастар жіті ішек инфекциясы және тағам токсикоинфекциясы мен инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Азаматтар бір дүкеннен сатып алынған құймалы жемісті балмұздақ жегендігі анықталды. Жаппай уланудың себебі болып өндірушінің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамағандығы болды.  Сауда орынның иесі өз қызметін ашуы жөнінде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын хабарландырмады. Осылайша көптеген жылдар бойы сатылып жатқан және үлкен сұранысқа ие болған  балмұздақ осы күнге дейін заңсыз іске асырылды. Шымкент қаласының сан-эпидемиологтарының түсіндіруі бойынша мораторийдің жариялануына байланысты сауда орынды  тексере алмады.

ҚР ДСМ ҚДС Комитетінің 2018 жылғы 03 сәуірдегі №19-1/442-И хатын орындау үшін және халық арасында жіті ішек инфекцияларды, тағаммен улануларды болдырмау мақсатында,  2018 жылғы 13 сәуірде «Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ мамандары құймалы балмұздақты әзірлейтін «Болашақ +» сауда үйінің 4-қабатында орналасқан 2 сауда нүктесіне:ЖК Солошенко және«TASTYFOOD KAZAKHSTAN» ЖШС  зертханалық зерттеулерге сынамаларды алумен жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Жүргізілген тексеріс нәтижесінде объектілерде санитарлық нормалар мен қағидалардың бұзушылықтары анықталды, оның ішінде оң нәтижелі зертханалық талдамалар да болды.

Шымкент қаласында болған төтенше жағдайларды болдырмау үшін қаланың қолжетімді тамақтану объектілерінде санитарлық нормалар мен қағидаларды қатаң сақтау.

Шымкент қаласында жаппай уланудың тіркелуіне байланысты «Санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтер» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Екібастұз қалалық

қоғамдық денсаулық сақтау

басқармасының бөлім басшысы                                      ДуйсеноваГ.А.