Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстан Республикасының Премьер – Министрі С.Н. Ахметовтың Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен келуі

2013 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Премьер – Министрі С.Н. Ахметов Екібастұз қаласына жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары аясында Серік Нығметұлы «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС-де болды. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту шеңберінде 2009-2011 жылдар аралығында Компания «Жүк вагондарын шығару үшін «Таман» ЖШС өндірістік кешенін техникамен қайта жарақтандыру» инвестициялық жобасын іске асырды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 1 қыркүйектегі № 1293 қаулысымен аталған жоба Инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізілген. Өндірістің жобалық қуаты жылына 2000-ға дейін жартылай вагондар мен 500 жабық вагондар өндіру. Компания атмосфералық жауын-шашындардан қорғауды қажет етпейтін сусымалы, ірі кесекті, бөлшек-дана және басқа да жүктерді тасуға арналған жүк вагондарын жасап шығарады. Осы жылы кәсіпорын тұңғыш рет дәнді дақылдарды тасымалдауға арналған тұтас металлдан  құйылған жабық екі тәжірибелі вагон жасап шығарды. Өндірісті саралау шеңберінде шығарылатын өнімнің модельдік қатарын кеңейту бойынша іс-шаралар жоспарланған. 2014 жылы фитингтік платформаларды жасап шығаруды игеру жоспарда. 2015 жылы цистерналарды өндіру үшін технологияларды игеріп, іске қосу жоспарда. Негізгі тапсырыс беруші «Қазтеміртранс» АҚ болып отыр. Бүгінгі таңда зауытта 564 адам еңбек етуде.

Одан басқа, ҮИИД бағдарламасы бойынша іске асырылатын «Проммашкомплект» ЖШС кәсіпорнында Серік Ахметов өндірістік бағдарламаның орындалу барысымен, бағыттап бұру және теміржол доңғалақтарын қайта өңдеу өндірісін дамыту перспективасымен танысты. Қаржы көлемі – 9,5 млрд. теңге. 2012 жылдың 3 шілдесінде өндірістің бірінші кезеңі іске қосылды. Өндіріс технологиясының артықшылығы суытып – қатайтатын қоспаларды  және барлық технологиялық операцияларды механизациялау мен автоматтандырудың жоғары сатысын қолдана отырып құюдың жаңа технологияларын пайдалану болып табылады, бұл өз алдына өңдеудің жоғары беріктігін және дайын өнімнің сапасын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына - 1000 бағыттап бұру, 1000 айқастырма, 2 000 жөндеу жинағын өндіру және 48,2 мың теміржол доңғалақтарын өңдеу болмақ. Қазіргі кезде 469 жұмыс орны құрылды. Толық күшіне ену - 2013 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап.

Осы сапар барысында Премьер-Министр «Kazakhmys Bozshakol» ЖШС – де болды, бұл жерде Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асатын «Бозшакөл КБК құрылысы» жобасының орындалу барысымен танысты. Бозшакөл мыс-молибденді кен орнында құрамы ортамен 0,35% мыстан тұратын 1173 млн. аса кен бар. Жобаланып отырған кен орны мен фабриканың қуаты жылына 28 млн. тонна кен шығарады. Өндірістің өнімі қоспадағы мыс, молибден, алтын шығару болмақ. Бозшакөл кен-байыту комбинатымен жылына 100,0 мың тонна қоспадағы мысты шығару жоспарда. Құрылыс кезінде 1260 жұмыс орны ашылды, пайдалануға берілгеннен кейін 1500 тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарда. Пайдалануға енгізу 2015 жылдың қаңтар айына жоспарланып отыр.

         Инвестициялық жобаларды іске асыру Екібастұздың мықты өндірістік алаңын қалпына келтірудің бастамасы болып отыр, әрі болашақта технологиялық өрлеулерді және Екібастұз өңірінің, жалпы барша Қазақстанның да жедел экономикалық дамуын қамтамасыз етеді.