Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бірыңғай конкурстық комиссияның шешімі және оң шешімін алған кандидаттардын тізімі

2018 жылдың 20 сәуірінде «Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс бойынша конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілді.

Отырыс нәтижесі бойынша бос лауазымына орналасуға:

- «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің E-4 санатындағы бас маманы (№01-1-11-4) лауазымына Жулдуз Ермековна Жаксылыкованың кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылданды;

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің ветеринария бөлімі» ММ-нің E-R-4 санатындағы бас маманы (№02-15-01-3)лауазымына Лейла Жаксылыковна Машрупованың кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылданды;

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және көріктендіру мәселелері жөніндегі E-R-4 санатындағы бас маманы (№ 02-03-01-4-6) лауазымына Газиз Степанович Ихсангалиевтың кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылданды;

- «Екібастұз қаласының Байет ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің E-G-3 санатындағы бас маманы лауазымына (№ 02-01-01-4-1) Ержан Кабдылмуликович Бастемиевтің кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылданды;

- «Екібастұз қаласының Шиқылдақ ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің E-G-3 санатындағы бас маманы (№03-09-01-1) лауазымына Риза Заркешовна Джаубаеваның кандидатурасын ұсыну туралы шешім қабылданды;

Отырыс нәтижесі бойынша:

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту бойынша демалыс кезеңіне) өндірістік жұмыстар секторының E-R-4 санатындағы бас маманы (№02-12-01-1-2-1) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс өтпеді деп жарияланды;

- «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппараты» ММ-сі E-G-4 санатындағы (№03-01-01-9) жетекші маманы «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс өтпеді деп жарияланды.