Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz
Электрондық үкіметті енгізу қызметі үйден шықпай қолжетімді болған көптеген мемлекеттік қызметтерді алуды жеңілдетті. Бір ғана «жылжымайтын мүлік» санатында азаматтар 70 астам онлайн-қызметтері мен 25 онлайн-төлемдерін қолдана алады. Қазіргі күні осындай талап етілетін қызметтің бірі жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспорт беру.
Үйден шықпай техникалық паспортқа тапсырыс беру үшін келесі 8 қадамды жасау қажет:
1 Қадам. Электрондық үкімет порталының (www.egov.kz) басты парағына ауысып, «Жылжымайтын мүлік»қосымша парағына кіріңіз.
2 Қадам. «Сатып алу, сату, жалға алу» қосымша парағына ауысып, «Жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық паспортты алу үшін электрондық өтініш беру» қызметін таңдаңыз.
3 Қадам. Қызмет парағының оң жақтағы жоғарғы бұрышындағы «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын пайдаланыңыз.
4 Қадам. Сізді авторландыру парағына ауыстырады, ЖСН және құпия сөзді қолданып, немесе ЭЦҚ көмегімен порталда авторизациядан өтесіз.
5 Қадам. Жылжымайтын мүлік объектісінің қатынасын таңдайсыз.
6 Қадам. Келесі қадамда өтініштің түрін, жылжымайтын мүліктің түрін, мекенжай мен кадастрлық нөмірді таңдайсыз.
7 Қадам. Құқықты анықтайтын құжаттың көшірмесін сканерлеп, бекітесіз, «дәйексіз деректерді ұсынғаным үшін жауапкершілікте боламын» қанат белгісін қоясыз.
8 Қадам. Онан соң төлемнің түрін таңдап, қызметке қол қоясыз және мәртебені жаңартасыз.
Қорытындылаушы қадам жеке куәлікпен және көрсетілген уақытта хабарламаны алып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-на келу болады. Пәтерді, жатаханалардағы бөлмелерге немесе жапсарлас салынған үй-жайларға техникалық тексеру үшін жүгінген жағдайда жер учаскесі үшін сәйкестендіру құжатын ұсыну қажет еместігін ескеру керек.
Қызметтің құны: бағанамаға сәйкес
Қызметті көрсету мерзімі: 10 жұмыс күніне дейін
Егер сізде сұрақтар болған жағдайда «1414» Бірыңғай байланыс-орталығына жүгінуіңізге болады, қоңырау тегін.