Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz
Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы халық арасында безгек және басқа трансмиссивті ауруларды болдырмау, сондай-ақ қалада қолайлы энтомологиялық жағдайды
жасау мақсатында, 2018 жылға арналған Павлодар облысында адам үшін қауіпті қансорғыш жәндіктерден халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жол картасын орындау үшін 2018 жылғы 2 сәуірден бастап 3 мамыр аралығында Павлодар облысы аумағында «Барлығымыз масалармен күресейік!» айлығы жарияланды.
Айлық барысында дезинсекция мәселелері бойынша халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілуде: Екібастұз қаласы әкімдігінің веб-сайтында «Безгек» тақырыбында 1 мақала (мемлекеттік және орыс тілдерінде), жергілікті «Отарқа» газетінде 1 мақала (мемлекеттік тілде) жарияланды. Қаламыздың орталық көшесінде айлықтың өткізілуі туралы баннер орнатылған.
«Барлығымыз масалармен күресейік!» айлығы барысында әлеуметтік-маңызды объектілерінде, саяжай мен бақша иелеріне, сондай-ақ халыққа мемлекеттік және орыс тілдерінде «Барлығымыз масалармен күресейік!», «Саяжайшыларға жадынама» ақпараттық-түсіндірме бүктемелері мен жадынамалары таратылды.
Науқан нәтижелері бойынша Екібастұз аймағының тұрғындары осындай іс-шараларды өткізу қажеттігі туралы оң пікірлерін білдірді. Өткізілген науқан көптеген адамдардың назарын аудартты, трансмиссивті аурулардың алдын алу бойынша халық сауаттылығы деңгейін арттырды.
Бас маман А. Жимайлова